Колледж студенттерін ғылыми ізденістік жұмыстарына жұмылдырудың жайы

Мемлекеттік білім стандарттары «Педагогикалық білім», «Психологиялық-педагогикалық білім» бағытын даярлау стандарттарына сәйкес, арнаулы оқу орнын бітірген түлек келесі ғылыми-ізденіс құзіреттілігіне ие болуы тиіс: білім саласы бойынша жүйелік, теориялық және тәжірибелік, ғылыми тапсырмаларды қолдану мен орындауға; білім беру үрдісіндегі заманауи педагогикалық технологияларды дайындап шығару жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту қабілетіне; оқу-тәрбие ісінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін қолдануды.

Психологиялық және психологиялық зерттеулерде сапалы және көлемді әдістерді қолдана білуі, жобалық-ізденіс жұмыстарын басқара алуы тиіс. Сондықтан заманауи мамандарды дайындауда студенттерді ғылыми-ізденіс жұмыстарына қалыптастыру ең маңызды тапсырма болып есептеледі. Ғылыми-ізденіс жұмыстарын орындауға дайындалуда төмендегі компоненттерді қажет етеді: мотивациялық, іскерлік,  рефлекстік. Берілген жұмыста біз ең алдымен мотивациялық компонентке, яғни танымдық қызығушылық пен іскерлік ізденушілік мотивацияға ерекше тоқталамыз. Ғылыми-ізденіс жұмыстары білім алушының белсенділігі әртүрлі деңгейде болатын полимативациялық мотивацияға жатады. Келесі белсенділік түрін ерекше атап көрсетуге болады: ішкі мотивациялық деректерге танымдық және әлеуметтік қажеттіліктер жатады. (әлеуметтік  жетістіктерді жетуге талпыну).

Ішкі мотивация түрлері өмірлік қажеттілік, күту және мүмкіндік сияқты шарттардан туындайды. Әлеуметтік нормаларды сақтау мен қажеттілікті қамтамасыз ету, өзара байланысу мен іскерлік қабілет жатады. Күту ғылыми-ізденіс жұмыстарына деген қарым-қатынас болып есептеледі. Мүмкіндік дегеніміз- бұл ғылыми-ізденіс жұмыстарын орындалуына ықпал ететін обьективті шарт. (зертханалар, ғылыми әдебиеттер, кітапханалар). Қызығушылық, қажеттілік, қондырғылар, эталондар, ғылыми-ізденіс жұмыстарын ынталандыратын ерекше дереккөздерге жатады. Ғылыми-ізденіс жұмыстары кезіндеөздігінен жетістіке жету, өзін таныту, өзін-өзі бекітуге жетелейді. Бұл дереккөздердің мотивациялық өзара әсері ғылыми ізденіс жұмыстарына септігін тигізіп және оның нәтижесіне де әсер етеді.

Студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарындағы мотивацияның басымдылығын білу мақсатында тұжырымдама жасалды. Колледжде ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізуде студенттердің мотивациясының пайда болуын қалыптастыру. Ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау және ғылыми жұмыстармен айналысуда студенттердің деңгейін көтеру. Республикамыздағы колледждермен байланыс жүргізу, тәжірибе алмасу. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы ұсынған республикалық білім грантын жеңіп алуына жағдай жасау. Курстық және дипломдық ізденіс жұмыстарынан жақсы бағалар алуын қадағалау.

Колледж ішілік ғылыми ізденіс жұмыстарын, ғылыми-техникалық конференциялар, дебаттар өткізу және байқау өткізу. Студенттерге арналған ғылыми-ізденіс жұмыстарын қай түрін дұрыс деп бағалайтынын білу. Үйірмелер мен проблемалық топтар құру. Республика және колледж деңгейінде студенттердің конференциялары мен семинарларға қатысу. Ішкі ғылыми іс-шараларға қатысу. Сыртқы ғылыми іс-шараларға қатысу (мақалалар жазу,байқау жұмыстарын дайындау). Ғылыми-ізденіс жұмыстарын жемісті жүргізуде сізге студентерге көмек көрсету мақсатында жұмыстар жүргізу.

Ғылыми жетекшінің ғылыми-ізденіс жұмыстарына жауапкершілік танытуы; әкімшілік тарапынан ғылыми ізденіс жұмыстарына жауапкершілік танытуы; (ғылыми-ізденіс жұмыстары турасында семинарлар өткізу);  техникалық-материалдық заттардың және басқа шарттардың дұрыс ұйымдастырылуы; (компьютерленген аудиториялар, зертханалық кабинеттер, оқу кестесінің дұрыс жасалуы); 1-4 курс студенттер аралығында оқитын студенттерге осы көрсетілген бағыттар бойынша және қосымша педагогикалық білім, психологиялық білім және арнайы білім берумен қатар ғылыми-ізденіс жұмыстарына жұмылдыру қажет.

Әртүрлі курстағы студенттердің  ғылыми ізденіс жұмыстарынан алған әсерлерімен бөлісе отырып жұмыс жасау,  сонымен қатар, студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарына деген мотвацияларын қалыптастыру. «Ғылыми-ізденіс жұмыстарындағы мүмкіндігіңдін көтеру» мақсатында  «курстық және дипломдық ізденіс жұмыстарынан жақсы бағалар алуларын»  қадағалау, ал төменгі курс студенттеріне «ҚТЖ ҰҚ АҚ республикалық шәкіртақы алу мүмкіндігіне ие болуы» үшін жағдайлар жасау. Ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысқысы келетін студенттерге  көп көңіл бөлу мақсатында көптеген жұмыстар ұйымдастыру.

Ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыруда, курс бойынша студенттердің түсініктері әрқалай болатынын ескерек келе, төменгі курс студенттеріне колледж әкімшілігінің өздеріне деген көңілін бөлсе деген ойлары басым екенін белгілі, ал жоғарғы курс студенттеріне өзінің ғылыми жоба жетекшісінің пікірі маңызды сондықтанда екі тараптанда студенттерге деген қызығушылық болуы керек. Төменгі курс студенттері курстық жұмыстар орындамағандықтан, олардың нақты орындайтын тапсырмалары жоқ және нақты ғылыми жетекшілері жоқ болғандықтан, оларда жауапкершілік те аса жоғары болмайды деп есептейміз.

Студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарына деген құлшынысын және ғылыми-ізденіс жұмыстарына деген ең үлкен мотивация:өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген деңгейі мен курстық және дипломдық жұмыстарда жақсы деген бағаға ие болғысы келеді. Суденттердің ішкі мотивациясы мен сыртқы мотивациясы сәйкес деп қорытынды шығарамыз. Студенттер бірінші ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізуде ғылыми жетекшінің өзінің ғылыми жұмысына көп көңіл бөлгенін, ал екінші кезекте техникалық-материалдармен толық қамтамасыз етілуін  қалайды.

Сонымен қатар педагогикалық үздіксіз білім беру студенттерінің ғылыми-ізденіс жұмыстарына деген мотивациясының қалыптасуына да әсер етуі мүмкін. Енді арнаулы орта оқу орны студенттерінің ғылыми ізденіс жұмыстарына деген мотивациясының қалыптасуының негізгі жолдарын қарастырамыз. Студенттер өздерінің болашағын дұрыс болжау үшін, тұрақты, ой тудырушы, өздеріне сенімді бәсекеге қабілетті маман болуы үшін, олардың бойына ғылыми-ізденіс жұмыстарына деген қызығушылық қалыптастыру үшін, ғылыми ізденіс жұмыстары негізінде,әлеуметтік және ішкі  мотивациянының барлық түрін кең көлемде қалыптастыру керек.

Ең алдымен «төменнен жоғарыға» деп аталатын студенттің бойына қажетті мотиацияны қалыптастыратын әдісті қолдану керек. Бұл жолда оқытушы студенттің қажеттілігіне сүйене отырып, студенттің жетістікке жетуіне қол ұшын беруі тиіс. Студенттің ғылыми-ізденіс жұмыстарына деген талпынысын нығайту үшін, студентті жүлделі орындармен қосымша сыйлықтар ұйымдастырылған ғылыми іс-шараларға қатыстырып, жетістікке жетуіне бағыт-бағдар беріп, студенттің ғылыми-ізденіс жұмыстарына деген қызығушылығын арттыру керек.

Студенттерді ғылыми-ізденіс жұмыстарына тартудың екінші әдісі, «жоғарыдан төменге механизмі» деп аталады. Бұл әдіс сендіру арқылы әрекет ету, түсіндіру, үйрету, мәлімет беру арқылы жүзеге асады. Бұл әдісте ең маңызды роль атқаратын-әріптестестер мен студенттің айналасындағы өзі қарым-қатынас жасайтын әлеуметтік орта болып табылады. Жұмыс жасаудың маңызды формасы- үйірмелер мен мәселелі топтар болып табылады. 

Асия Махамбетиярқызы МАХАМБЕТИЯРОВА,
Алматы темір жол көлігі колледжінің бөлім меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий