Жетім көрсең, жебей жүр

Өкінішке орай, «шын» жетімдіктен басқа, біздің қоғамда оның басқа да жағымсыз бір қыры – әлеуметтік жетімдік белең алды. Бұл дегеніміз – жас ананың жаңа туған нәрестеден бірден бас тартуы. Кеңес заманында мұндай қайғы – аналарды масқара ету болып саналса, ең дұрыс шешім олардың комсомолдық ар-ожданына жүгіну әдетке айналған болатын.

Бұл үлкен нәтиже бермегені анық, бірақ мемлекет өзінің генофондына қатты алаңдайтын көрініс жасады. Біздің қоғамдық санамызға жат – жаңа туған нәрестелерді тағдыр тәлкегіне тастау сияқты мұндай жағымсыз әдет-ғұрыптың қай елден, қандай желдің әсерімен елге әкелінгені жайлы ешқайсысы байыбына барып ойламаған еді. Бұл сұрақты «Бөбек» қорының қызметкерлері қойды. Жас аналармен сауалнама жүргізу, перзентханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер және мейірбикелермен сұхбаттасу арқылы күтпеген қорытындыға тап келдік. Аналардың көпшілігі өз балаларынан бас тартуы балаға деген шынайы жүрек жылуы мен мейірімінің жоқтығынан емес, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің дұрыс болмауына байланысты екені белгілі болды.

Жас қыз сәбиін еш шарасыздықтан тууға мәжбүр болады, егер оның баспанасы, тұрақты табысы жоқ өз аяғынан нық тұрмаған болса, онда баламен қалай өмір сүруге болады? Бұл мәселені шешудің кілті 1996 жылы Алматыда алғаш рет «Бөбек» қоры ашқан «Үміт үйі» болды. Осы қордың президенті Сара Назарбаеваның бастамасы бойынша 2000 жылғы қазан айында біздің облыс орталығындағы өмірдің қиын кезеңдерінде аналарға (әкелерге) көмектесетін бір жастан жеті жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Дом надежды» («Үміт Үйі») ашылды.

Балаларға уақытша қамқорлық жасау жауапкершілігін міндетіне алып, тағдыр тауқыметін еңсеруіне көмектесті. Қиын өмірлік жағдайға тап болған ата-аналарға тиісті жағдай жасалып, жеті жасқа дейін күтуші мен тәрбиешілердің қамқорлығына қалдыру мүмкіндігін ұсынды. «Үміт үйі» ашылғаннан бес жыл өткен соң Сара Алпысқызына «бас тартқандар» туралы қысқаша мәлімет әкелген кезде, жеңіл күрсініп: адам табиғаты өз дегенін алады деп, үміттің толық ақталғанына көз жеткізді.

2018 жылдың қарашасында үміт үйіне қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы мәртебесі берілді. Басты мақсат – әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу, баланың орталықта тұрақты немесе уақытша тұруын ұйымдастыру арқылы қиын өмірлік жағдайдағы мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтік оңалту болып табылады. Орталық ата-аналары қиын өмірлік жағдайға тап болған үш жастан жеті жасқа дейінгі 24 балаға арналған. Орталық жағдайында бала оған көмек көрсету және оны одан әрі орналастыру мәселелерін шешу үшін 6 айға дейін, ал егер отбасына орналастыру мүмкін болмаған жағдайда мектеп жасына жеткенше бола алады.

Орталықта балалар күніне алты рет тамақтанады және сапалы білім алуы мен белсенді демалуына, спортпен шұғылдануына, медициналық, педагогикалық түзету және психологиялық оңалту көмектері көрсетілуіне мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу мақсатында орталық дағдарыстық отбасыларды анықтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді және оларға ақпараттық, кеңес беру және медиация қызметтері арқылы көмек көрсетеді. Әлеуметтік қорғалмаған отбасыларын бақылау үшін орталық тұрмысы нашар отбасылардың мекен жайлары бойынша мобильді топтардың бірлескен рейдтерін ұйымдастыра отырып, облыстық полиция бөлімшелерімен тығыз жұмыс істейді.

Мемлекеттік және қоғамдық басқаруды дамытуға негізделген қамқоршылық кеңесі құрылды. Кеңестің отырыстарында дағдарысқа ұшыраған отбасыларға демеушілік қайырымдылық көмекті тарту арқылы материалдық көмек көрсету мәселелері қарастырылды. Жиырма жыл ішінде орталықта 350-ден астам бала тәрбиеленген десек, олардың екеуі ғана ата-аналарының қайтыс болуына байланысты балалар үйіне ауыстырылған. Тұрмыс тіршілігін түзеп, туған-туыстары және жақындарымен жақсы қарым-қатынас орнатқан аналар орталықта қалған туған балаларын өздерімен бірге алып кетіп жатады. Себебі бұл орталықтың міндеті – әр баланы өз отбасына қайтару.

Орталық медициналық бөліммен жабдықталған және құрамына дәрігер кабинеті, екпе салу бөлмесі мен оқшаулау бөлімі кіреді. Орталықта медициналық-психологиялық қызмет түрлері қамтамасыз етілген. Баланың мінез-құлқындағы адекватты көріністердің басталуын ашу, оның күшіне сену, балаға оптимистік көзқарас қалыптастыру, оның кемшіліктері туралы «ұмыту», дамудың болашағы бар бағыттарын ғана көру, мүмкін проблемалық жағдайды шығармашылықпен шешу қабілетін дамытуда педагог пен психологтың орны ерекше.

Орталықта әртүрлі жастағы екі топ жұмыс істейді. «Гүлдер» аталатын бірінші топта үш жастан 5 жасқа дейін қазақ тілінде тәрбиелеу және оқыту мүмкіндігі бар болса, «Шаңырақ» аталатын 12 адамдық екінші топта бес жастан 7 жасқа дейін орыс тілінде тәрбиелеу мен оқыту қарастырылған. Педагогикалық ұжым еліміздің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес жұмыс істейді. Оқу-тәрбие үдерісінің мақсаты – денсаулықты сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру.

Мемлекет пен қоғамның, отбасының, мемлекеттің әлеуметтік тапсырысының талаптарына сәйкес келетін қолжетімді және сапалы білім алу арқылы баланың жеке басының жан-жақты және толыққанды дамуын қамтамасыз ету болмақ. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін орталық бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асырады: балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту; балаларды мектепте оқытуға дайындау; берік туыстық қатынастар орнату үшін ата-аналарды тәрбие процесіне тарту; қоғамда табысты бейімделу үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы – бұл тәрбиеленушілердің зияткерлік, адамгершілік және физикалық дамуының кепілі сынды. Балалардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дамуына ықпал ететін заманауи кешен. Орталықтың өз дәстүрлерін мақсатты түрде қалыптастырып, қолдайтын өзіндік бет-бейнесі бар, бұл отбасылық туыстық қатынастардың нормаларына табиғи түрде ену мүмкіндігінен айырылған балаларды әлеуметтік-мәдени тәрбиелеудің қажетті шарты болып табылады.

Қай кезде де қай заманда да өзектілігін жоймайтын құндылық – ол қайырымдылық. Халқымыз қайырымдылық жасаудан еш тынбаған, жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған. Ата-ананың аялы алақаны мен жүрек жылуынан айырылған балаларға қуанышты отбасылық бақытты сәттер сыйлау, оларды ересектердің ықыласы мен махаббатына бөлеу – орталықтың ғана міндеті емес, барша көзі ашық, көкірегі ояу жандардың парызы екені ақиқат. Ендеше, барлық балалар толыққанды өмір сүрсін десек, оларға жан жылуы мен мейірім шуағын аямай төгейік!

Гүлдана Адилашевна ТАУЕКЕЛОВА,
Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды
қолдау орталығының директоры, Қарағанды облысы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий