ҚР Президенті, Қасым-Жомарт Тоқаев: Бала құқықтарын қорғаудың ауқымды мәселелерін шешуге тиіспіз

Сонымен қатар, біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастырған жөн, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы VII шақырылымдағы жаңа Парламент сессиясында сөйлеген сөзінде.

 

Ерекше күтімге мұқтаж балалардың инклюзивті дамуы мәселесін назардан тыс қалдырмауымыз керек. Білім беру мекемелеріндегі тиісті қызметтердің тиімділігін арттыру үшін нормативтік база қалыптастыру – кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Әлеуметтік маңызы жоғары осындай мәселелерді шешу мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес. Оған бүкіл азаматтық қоғамның атсалысуы қажет екенін бәріміз түсінуге тиіспіз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий