НЗМ – Семей: Бала тәрбиесіне қатысты семинар ұйымдастырылды

2020-2021 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие үрдісіндегі іс-тәжірибесін тарату мақсатында мектебімізде «Қашықтан оқыту үрдісіндегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылу формасы» атты облыстық, қалалық семинар ұйымдастырылды. Семинарда Семей қаласындағы физика–математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары өз тәжірибелерін таратып, тәрбие бағытында қашықтықта атқарылып жатқан шараларымен таныстырды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Бұл басқосу зияткерлік мектеп, ШҚО білім басқармасы, педагогикалық шеберлік орталығының бірлесе өткізуімен ерекшеленді. – ZOOM платформасы арқылы біз облысымыздың әр аудан, қалаларынан қатысқан 273 әріптесімізге «Қашықтан оқыту үрдісіндегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы», «НЗМ жобаларын ұйымдастырудың жолдары», «Өзін-өзі басқару ұйымы және оның мектепті басқарудағы орны», «Қашықтан оқыту кезінде ата-анамен жұмысты ұйымдастыру жолдары», «Қосымша білім беруді сапалы  ұйымдастыру – оқушының жан-жақты дамуының жаңа қыры», «Онлайн форматта желілік іс-шараларды ұйымдастыру – НЗМ қауымдастығының бір бағытта жұмыс жасауының кепілі» тақырыптары бойынша әдістемелер түсіндірілді, – дейді педагог-ұйымдастырушы – куратор Нұргүл Сұлтаева.

Бір жарым жарым сағатқа созылған семинарда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Абылқасымова мен Өскемен қаласы педагогикалық шеберлік орталығының әдіскері Дидар Үсеновалар тәрбие саласына қатысты өз әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий