Батыс Қазақстан облысы: 25 881 оқушы оффлайн білім алуда
Үшінші тоқсаннан бастап еліміздің барлық білім ордаларындағы оқу үдерісі оқыту штаттық, аралас және қашықтан жүргізіле бастағаны белгілі. Біздің аймақта 111 132 білім алушы контингенті бар 379 мектеп жұмыс істейді, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15 адамға дейін балалар саны 300 адамға дейінгі шағын котингентті бар 256 мектепте штаттық режимде 25 881 бала (23,3%), 110 мектепте аралас режимде 85 239 бала (76,7%), бір мектепте қашықтан 12 баламен (0,01%,) оқу ұйымдастырылуда. Бірінші семестерде өңір бойынша сегіз ауылдық және жабық мекемеде (РУ) орналасқан колледждер штаттық режимде жұмыс жасап, олардағы студентер саны 1235 болды.
Екінші семестерден бастап 25 колледждегі 5376 бірінші курс студенттері аралас оқу форматына көшті (пәндердің, модулдердің 70% штаттық, 30 % қашықтан), осы колледждердегі 2-4 курс студенттері қашықтан оқытуда жалғастыратын болады (10 342 студент). Өндірісте машықтан өтуі штаттық режимде ұйымдастырылады. Арнаулы оқу орындарындағы білім беру үдерісіне жергілікті эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық дәрігердің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Облыстық жедел әрекет ету штабының тапсырмасымен арнайы құрылған топтар жергілікті білім ордаларындағы жағдаймен жете танысу үстінде. Ақжайық ауданындағы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың мамандары алғашқы сапарында ең алдымен №1 мектебіне барып, барлық талаптардың ескерілгендігінің куәсі болды. Мектеп директоры Мәншүк Болатқызының айтуынша, оқшаулау бөлмесі жасақталып, арнайы дәрігер қызмет етуде. Кварц уақытылы қосылуда. Жаңадан бой көтеріп, пайдалануға берілген Абай атындағы мектеп-гимназиясының ғимаратында да балалар мен ұстаздардың, қызметкерлердің сақтығы толық қамдалған.
Загрузка...– Жаман айтпай жақсы жоқ, оқушылар арасында қандай да бір суық тиюдің белгілері байқалса, сол бойда оқшаулау бөлмесіне жеткізіліп, дәрігердің бақылауынан өтеді. Оқу жылының басынан бастап мектепте болған бастауыш сынып оқушылары барлық талаптарға әбден үйреніп алды. Жоғары сынып оқушыларының талаптардан шығып кетпеуі үнемі назарда. Балалар мектепті сағынып қалған, айтқанымызды бұлжытпай орындауда. Өздерінде бетпердемен қоса антисептиктері де бірге жүреді және қолдануды ұмытпайды, – дейді М.Әуезов атындағы №2 білім ордасының жетекшісі Светлана Сабырова.