Кітаптар әлеміндегі кездесу

Пандемияның шектеу шаралары білімді ұштастырып, кітап оқу арқылы ақыл-ойын ілгері жетілдіруді көздеген болашақ түлектерге кедергі емес. Болашағын тіл ғылымымен байланыстыру арқылы журналист мамандығына таңдау жасаған жоғары сынып оқушылары біздің білім ордасы жетекшісінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Гауһар  Мустафинова мен Шыңғыс Сальмен және кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Кітаптар әлемінде» тақырыбында «Ұлан» газетінің бас редакторы Жадыра Нармахановамен ZOOM арқылы тікелей эфир бойынша конференция тілдесуге қатысты.

«Білім-кітапта», – деп сөз бастаған кітапхана меңгерушісі Баян Умарова оқушыларды қазіргі уақытша жағдайды тиімді пайдалану арқылы бос уақытта элктронды кітап оқу қажеттілігіне назар аударды. «Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей» – деген басылымның жетекшісі болашақ тілші, журналист түлектерге сан-саланы қамтитын құнды кітапты көп оқығанның бұл мамандық иелері үшін маңыздылығын айтып, талаптанушыларға сәттілік тіледі.

Кітапхана – ғажайып әлем. Кітап – бар әлемді түбегейлі зерттеуімен барлық сұрақтарға толық жауап бере алатын кеменгер ұлы ұстазымыз. Түлектер қадірменді қонаққа көкейлерінде жүрген түрлі сауалдарын жолдап, нақты берілген жауапқа ризашылықтарын жеткізді.

Баян УМАРОВА,
№ 156 жалпы білім беретін мектептің
кітапхана меңгерушісі, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий