Кітапхананың оқырмандармен үйлестігі

Мәдени талап пен тілектердің өсуіне байланысты, мектеп партасында отырған жас өрендерді рухани құндылықтармен байыту мақсатында оқырман мен білімпаздар мекені саналатын кітапхананың қашықтан қызмет көрсетуі қазіргі қиын кезеңде де тоқтаған жоқ.

Карантин кезінде қолдарында бар ертегілер мен әдеби кітаптарды құныға оқып, алған әсерлерімен бөліскен бейне жазбаларды жолдаған біздің білім ордасындағы оқушылардың көптігі білімпаздар мен кітапхананың ортақ үйлесіміне дәлел болғандай. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы аясында кітапханамыздың қоры жаңа әдеби кітаптармен толықтырылуына байланысты бүлдіршіндерді қызықты әрі тәрбиелік мағыналы ертегілермен қуантаға мүмкіндік жасалды.

Осы жақсы жаңалықты жеткізу барысында жаңа шығармалармен таныстыру үшін кітапханашылар рухани байлық мекенінде ұстаздармен бірлесіп онлайн көрме ұйымдастырылды. Рахман Алшанұлы Алшановтың «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» аталатын кітабы бойынша алматылық оқушылар арасындағы эссе байқауына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталған  10 «А» сынып оқушысы Әсемай Әубәкірқызын мектеп директоры Гүлнар Ахметова құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.

Шынар КУНТУГАНОВА,
№ 156 жалпы білім беретін мектептің
кітапханашысы, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий