Ауылды интернетпен қамтыған “ақылды бөлме”

Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Қос­үйеңкі – орталықтан алыс жатқан ауылдардың бірі. Әрине жырақтағы жұртта шешілмей жат­қан мәселенің көптігі белгілі. Мысалы, осы Қос­үйең­кідегі мектеп қана интернетпен қамтылған, – деп жазады республикалық “ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН” газетінің сайты.

Осы­дан да былтыр көктемде басталған пандемия ке­зінде үйден оқуға көшкен оқушылар қатты қинал­ды. Ауылдағы №84 орта мектептің информа­тика пәнінің мұғалімі Алмасбек Қалдыбек қосүйеңкіліктердің әлемдік желіге еркін қосылуына мүмкіндік беретін SMART бөлме ойлап тауып, елдің алғысына бөленіп отыр. Алмасбектің «ақылды бөлмесінен» оның өзі ойлап тапқан антенна түріндегі қабылдағыш пен сымсыз интернет таратқыш құрылғылар арқылы бүкіл ауылға Wi-Fi желісі таралады. Бөлме арқылы қауіпсіз интернет жүйесіне бақылау қойылып, қажетсіз сайттар мен пайдасыз ақпаратты сұрыптау, қадағалау жүйесі де орнатылған.

– SMART бөлмені ойлап табудағы ең басты мақсатым – ауыл мен қала балаларының білім сапасы арасындағы алшақтықты жою. Облыс орталықтарындағы заманауи технологиялардан өз оқушыларым да хабардар болса деген ойда болдым, – дейді ауыл мұғалімі. SMART бөлменің тағы бір жаңалығы – қашықтан басқару жүйесі. Ата-аналар мектептегі сабақты провайдерлер арқылы бақылай алады. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий