Атырау облысындағы оқырмандардың пікірі: Отандық білім саласының жаңа жылнамасын жазуда
Сауле Сергоевна ДУТБАЕВА, кандидат филологических наук, ассоциированный профессор кафедры русской филологии Атырауского государственного университета им. Х.Досмухамедова: Поздравляю коллектив газеты и ее читателей с Новым годом! Прошедший 2020 год был полон тяжелых испытаний для нашей страны и всего мира. Особенно тяжелым он выдался для медиков и педагогов, когда на их плечи легла колоссальная нагрузка и неимоверно высокая ответственность за жизнь, здоровье народа.
Вместе с этим пришло всенародное признание труда врачей и учителей, в руки которых мы отдаем самое ценное – здоровье, жизнь наших близких и, самое главное, детей. В это сложное время мы научились ценить время и живое общение. Педагоги в сжатые сроки освоили новые технологии, чтобы в условиях полной изоляции продолжать сеять разумное, доброе, вечное. Все это регулярно отражается на страницах нашей любимой газеты – «Бiлiмдi ел – Образованная страна»,
Желаю в Новом году всем читателям-педагогам и журналистам газеты крепкого здоровья, семейного благополучия и счастья! Пусть 2021 год будет годом успешных начинаний, осуществления самых смелых планов и исполнения сокровенных желаний, достижения новых высот в профессиональной деятельности! Пусть Новый год принесет много тепла и радости в каждый дом!
Шынаргул Балгабаевна ИМАШЕВА, ІТ мектеп-лицейінің директоры: Әйгілі неміс ойшылы Артур Шопенгауэр «Газет – тарихтың секундтық стрелкасы» деген болатын. Одан бері де үш ғасыр өтіпті. Иә, қандай кезеңде де бұқаралық ақпарат көзінің маңызы ерекше. Қазіргі ғылым мен техника қарыштап дамып отырған кезеңде елімізде өз ерекшелігімен халыққа ұсынылған «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің маңыздылығын уақыт көрсетіп отыр.
Бұл басылым ең өзекті ақпараттар легі мен рухани құнды материалдарды ұсына отырып, педагогикалық қоғамдастықтың, білімді және зиялы адамдардың ақпарат көзіне айналды. Апталық жарияланымдарының ауқымды саладағы түрлі тақырыптарды қамтуымен күн тәртібінде тұрған көкейкесті сұрақтарға бей-жай қарамайтын жандарға өте пайдалы. Бүгінгі білім беру мазмұнының жаңаруы, мәдени, рухани құндылықтар, қоғам дамуына негіз болатын маңызды мәселелер оқылымды газетіміздің басым бағыттары ретінде айқындалған.
«Білімді ел – Образованная страна» апталығы арқылы озық ғылыми ой-пікірлер, педагогикалық тәжірибелер таныстырылып, насихатталуда. Бұл газет арқылы қоғам мен әр отбасының көкейіндегі мазалап жүрген білім беру саласындағы жаңарудың мәні мен мағынасын зерделейтін ой-пікірлердің топтасуымен ерекшеленеді. Дамыған отыз елдің қатарына жетіп, білімді жоғары деңгейдегі интеллектуалды ұлт болу бүгінгі міндетіміз болса, салалық кәсіби газетіміз шынайы әрі құнды мәліметтердің бастау көзі сынды.
Тәуелсіз мемлекеттің баянды болашағы білім мен ғылымда екендігін ескерсек, отандық педагогтерге арналған бұл басылым мен жедел ақпараттық сайттың барша ұстаздар қауымына ұзақ қызмет етерін бүгіннен бастап дәлелдеп отырғаны ақиқат. Шығармашылық ұжымға жемісті жетістіктер тілеп, білім мен ғылым сүйер қауымға бұл газеттің өзіндік ерекше орны барын айрықша атап айтқанымыз абзал.
Бибинур Утепбергеновна ЛАМГАЛИЕВА, №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі: «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос дегендей» ел тағдырын, болашақ ұрпақ тағдырын көксейтін «Білімді ел» газетінің болашағы зор.
Олай дейтініміз, еліміздің білім беру саласындағы жүргізіліп отырған көптеген шаралар туралы ақпарат алуға, білім беру саласындағы қызметкерлердің шығармашылықпен шыңдалуына, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу ісіне берер тәлімі мол басылым. «Білімді ел» газетіндегі көтерілген әрбір мәселеде жарияланған мақалаларда шынайы, нақты пікірлер айтылуда.
Айжан Сарсеновна ҚАРАБАЕВА, Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының магистрі: «Білімді ел – Образованная страна» республикалық білімділік қоғамдық-саяси газеті білім берудің жүзеге асыруын, білім беру мекемелерінің, мемлекетіміздің білім саласындағы инновациялық саясатын қолдауда, озық тәжірибені насихаттауда, маңызды мақалаларды ұсынуда, түрлі білім беру аспектілері бойынша ғалымдардың баяндамаларын жариялауға, арнаулы және жоғары оқу орындарының баспасөз қызметтерімен өзара қарым-қатынас жасауға, келіп түскен материалдарды орналастыруға көп септігін тигізіп жүрген танымал әрі беделді басылым.
Газеттің мазмұны әртүрлі – білім беру мекемелеріне, жоғары оқу орындары, колледж, мектеп, балабақша қызметкерлеріне, ата-аналар қоғамдастығына, студенттерге, оқушыларға және барлық білімге қатысты сұрақтарға бей-жай қарамайтын жандарға пайдалы әрі қажетті. Білім беру мазмұнының жаңаруы, мемлекеттік тілдің жетілуі, мәдени және рухани құндылықтардың қалыптасуы, патриоттық тәрбие, салауатты өмір салты және басқа да қоғамның дамуына арналған мәселелерді табуға болатын керекті әдістемелік көмекші құрал.
Басылым озық ғылыми ойлардың, педагогикалық еңбектің, білім беру саласындағы тәжірибе алмасулардың қайнар көзі. Газет – педагогикалық қоғамдастықтың, білімді және зиялы адамдардың, ұстаздар қауымының қосымша ақпарат құралы. Басылымның өзгешелігі сол, оның бетінде бүгінде қоғам мен әр отбасын мазалаған білім саласындағы жаңарудың мәнін ашатын эксклюзивті, қайталанып басылмайтын мақалалар жарияланады.
Гульфия Сабитовна ЕСКАЙЫРОВА, үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясының директоры: «Білімді ел-Образованная страна» газетінің стратегиясы өте жоғары деңгейде деп айта аламын. Бұл республикалық білімділік қоғамдық–саяси газеті білімді ел болуымызға үлкен талпыныс.
Газеттің мазмұны білімге қатысты өте қажетті дүниелермен толықтырылады. Қай бетін ашып оқысақ та, өте құнды материалдар тауып, өзекті мәселелердің шешімін табамыз. Білім беру мазмұнының жаңаруы, мемлекеттік тіліміздің жетілуі, патриоттық тәрбие,қоғамның дамуына арналған жарияланымдар газеттің мәні мен мазмұнын барынша байытуда. «Білімді ел-Образованная страна» газетінің – сенімді серіктес әрі рухани байлығымыз ретінде ілгері дамуына тілектеспіз!
Айгул Кеңес-Әлиқызы ЖАНАЗАРОВА, Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған№30 мектеп-гимназиясы директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары:
Білімді елдің болашағы – педагогтардың қолында екені белгілі. Келер ұрпақтың саналы, елжанды, білікті болуы үшін еліміздің педагогтары бар ықыласымен, күш-жігерімен, үздіксіз ізденіспен «қарусыз майдан» кезінде қашықтан білім беру жүйесінде мол үлес қосып келеді. Сол орасан зор жұмыстың көрінісі, барлық еңбегі «Білімді ел-Образованная страна» газетінің беттерінен табылатыны сөзсіз. Еліміздің болашағы үшін ерен еңбегімен, өз шеберлігімен, шығармашылығымен, құзіретілігімен шыңдалып жатқан педагогтерді жігерлендіріп, шабыт беріп, ынталандыратын биік болмысты бірегей басылымның шығармашылық ұжымына жемісті жетістіктері тың серпілістер сыйласын.
Братья-близнецы Касым и Аблай АЙБЕРГЕНУЛЫ, ученики 9-го класса средней школы №12: – На страницах «Бiлiмдi ел – Образованная страна» мы появлялись дважды в еще в 2017 году. В первый раз – как победители республиканского военно-патриотического слета детей и молодежи «Айбын-2017». Мы изобрели дистанционно управляемый робот для поиска и обезвреживания взрывных устройств в общественных местах.
Нашим научным руководителем выступил Алексей Матушкин. Как родившиеся в Год Собаки, интервью с нами во второй раз было опубликовано в газете в канун 2018 года. С тех пор наша семья выписывает это замечательное издание, где всегда есть интересная информация и для нас, школьников. Наша покойная мама Марта Орынбасаровна Джумагалиева – педагог по образованию, работала журналистом.
Мы, как реликвию, бережем номер «Бiлiмдi ел – Образованная страна», где помещена статья нашей мамы, посвященная юбилею нашего земляка, Героя Советского Союза Каиргали Исмагулова. Теперь «Бiлiмдi ел – Образованная страна» – наше любимое семейное издание. И пусть ширится круг его читателей в наступившем году!
Бетті дайындаған –
Атырау облысы білім беру
басқармасының баспасөз қызметі