Асхат Аймағамбетов – Білім және ғылым министрі лауазымына қайта тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Президент жарлығы шықты, – деп хабарлайды “АҚОРДА” сайтының хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тағайындалсын – 
Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; 
Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; 
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; 
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі; 
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы; 
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі; 
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Аида Ғалымқызы Балаева – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі; 
Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі; 
Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі; 
Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі; 
Алексей Владимирович Цой – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі; 
Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі; 
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; 
Ақтоты  Рахматоллақызы  Райымқұлова – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі; 
Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Әсет Арманұлы Ерғалиев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі; 
Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі; 
Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 18 қаңтар, № 494

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий