“Kundelik.kz”: Қостанайға алтын түйме берілді

Бес оқу жылы бойы облыс оқытушылары “Күнделік” автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. 240 мыңға жуық қолданушы, оның ішінде ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар электронды журналды толтыру немесе қарау, сабаққа материалдарды тіркеу, сабақтың қалыптастырушы бағасын немесе жиынтық жұмыс үшін ұпайларды көру үшін порталға күн сайын кіреді, – деп хабарлайды Қостанай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Күнделік» ақпараттық жүйесі қашықтан оқыту форматының пайда болуына байланысты жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, байланыс арналарын кеңейтумен, туындаған проблемаларды жоя отырып және сұрақтарға жауап бере отырып, білім беру саласындағы өзгерістерге жедел ден қоятынын атап өтпеуге болмайды.

2020-2021 оқу жылының бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша педагогтердің үйлесімді және уақтылы жұмысының арқасында біздің аймақ «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін толтыру бойынша республикалық маңызы бар Шымкент қаласымен бөлісе отырып бірінші орынды иеленді.

Биылғы қаңтар айының 14-і күні жауапкершілігі шектеулі «Күнделік» серіктестігінің өкілі Марат Ищанов білім басқармасының басшысы Зәуре Әнуарбекқызы Байменоваға «Kundelik.kz Алтын түймесін» табыстады. Бұл жетістікте әр мұғалімнің үлесі бар. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий