Елдос Болатханұлы Нұрланов – “Оқулық”  республикалық ғылыми – практикалық орталығының директоры

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұйрығымен “Оқулық” республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметіне Елдос Болатханұлы Нұрланов тағайындалды, – деп жазылған осы мемлекеттік мекеменің сайтындағы ресми хабарламада. 

Елдос Болатханұлы еңбек жолын колледж оқытушысы ретінде бастап, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, ҚР БҒМ жанындағы Ақпараттық-талдау орталығының вице-президенті, Астана қаласы әкімдігі Гуманитарлық колледжінің директоры, Назарбаев университетінің ғылыми қызметкері лауазымдарын атқарған.

2020-2025 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және «Педагог мәртебесі туралы» Заңның жобасын әзірлеуге белсенді қатысқан. ҚР Білім және ғылым министрі Құрмет грамотасымен марапатталған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий