Балалардың қауіпсіздігі — басты назарда

Біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Жетінші шақырылымдағы Парламенттің 1-сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың алдына осындай міндет қойды, – деп жазады Жамбыл облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлзира Дәрібаева аймақтық “АҚЖОЛ” газетінің сайтында жарияланған мақаласында. 

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастырған жөн», — деді Мемлекет басшысы. Бала құқығы мәселесі – ел саясатының маңызды бөлігі екені сөзсіз. Себебі бала – еліміздің болашағы. Жалпы облыстағы 359 мектепте балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулығы бойынша 8-10 сынып оқушылары арасында ЮНИСЕФ жобасы енгізілген.

Жоба аясында оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, олардың арасында зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу, олардың қорқыныш, үрейлерін анықтау мақсатында сауалнама алынып, «Бала — біздің болашағымыз!» тақырыбында ата-аналарға кеңес беріліп, тренингтер өткізілді. Сонымен қатар, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерге және педагог-психологтарға осы бағытта семинар-тренинг жұмыстары өткізілсе, 100-ге жуық педагог-психологқа «ШАНС» кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының ұйымдастыруымен семинар ұйымдастырылды.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру институтымен бірге «Жасөспірімдер арасында кибербулингтің алдын алу» тақырыбында мектептердің педагог-психологтарына арналған вебинар өтті. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы 442 мектептің барлығында 6791 дана бейнебақылау камералары бар.  Олардың 2374-і ғимарат сыртында, 4417-сі ғимарат ішінде орнатылған. Бейнебақылау жүйелері тек мектерде ғана емес, облыстағы 415 балабақшаның барлығында жү пайыз толық орнатылған. Бүлдіршіндердің ең бақытты балалық шағында агрессия, зұлымдықпен бетпе-бет келуі, өмірдің жаман тұсын ерте көруі дүниежүзін алаңдатып отыр. Бала – болашағымыз десек, олардың ертеңіне бейжай қарау ел дамуына деген салғарттықтың белгісі деп есептеймін.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий