NIS педагогтері облыс мұғалімдерін тәрбие беру трендтерімен таныстырды

Қашықтан білім беру жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі қандай? Облыс ұстаздарын толғандыратын осы сауал төңірегінде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кураторлары іс-тәжірибе тарату вебинарын ұйымдастырды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. 

Қызылордадағы NIS аймақтағы Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп ұйымдастырған кезекті шарасына 300-ге жуық сынып жетекшісі мен мектеп директорының орынбасары қосылды. Педагог-ұйымдастырушы-кураторлар қатысушыларды зияткерлік мектептер жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формаларымен таныстырды. Оның ішінде онлайн режимде оқушыларды түрлі жобаларға тарту, ата-аналармен байланыс ұйымдастыру және желілік шараларды өткізуде өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, кәсіби кеңестер берді. 

Сондай-ақ, өзін-өзі басқару ұйымының қызметі туралы сөз қозғап, оның мектепті басқарудағы орны жайында пікір алмасты. Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін қосымша білім беру бағытында сапалы жұмысты ұйымдастыру жолдары да вебинар барысында қарастырылып, қатысушылар біліктіліктерін арттыра алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий