Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарын ұйымдастыру барысында санитарлық – эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталуда
Өңірлерде ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарын ұйымдастыру ережелерінің сақталуын жоғары оқу орнының қызметкерлері мен Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері бақылайды, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тестілеу барысын Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтың және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 400 ден астам өкілі бақылауда ұстайды. Әр аудиторияда бейнебақылау камералары орнатылған. Ата-аналар үшін онлайн-көрсетілім қолжетімді.
Загрузка...