НЗМ – Ақтөбе: ЮНЕСКО ұйымдастырған #STEAMUP ұлттық байқауында екінші орын

#STEAMUP ұлттық байқауы күнделікті өмірімізде кездесетін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелердің шешу жолдарын іздестіреді. Жиырма күндік жобалар жарысында ақтөбелік зияткерлер жүлделі екінші орынды жеңіп алды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

«Dana Solutions» командасы бес тапсырма бойынша жоба әзірлеген: пандемияның ауыл мектептеріне әсері, еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық, білім ордаларындағы буллинг мәселесі, Қазақстандағы инфрақұрылым және Көбейтұз көліне қатысты заңнамалар. Осы тақырыптар төңірегінде зерттеу жасалып, оқушылар тарапынан мәселенің шешу жолдары қарастырылды. Бір тапсырманы орындауға үш күн уақыт берілді. Сол аралықта біз белгілі бір мәселенің шешімін іздеуге тырыстық, мысалы мектептегі буллингтің алдын алу мақсатында барлық білім ұйымдарына қолжетімді әрі ыңғайлы онлайн-платформа жасадық.

Онда кез келген оқушының психологиялық көмек алуға мүмкіндігі бар. Ал экологиялық тақырыпта болған тапсырмалар Көбейтұз көліне байланысты болды, біздің тарапымыздан Көбейтұз көліне ұлттық парк мәртебесі берілу туралы ұсыныс тасталды, бұл оны қорғау мен сақтаудың тиімді жолы, – дейді қатысушылар. Айта кетсек, байқауға 127 команда қатынасып, алты жүз-ден астам жоба ұсынылған. Жеңімпаз командалар диплом және бағалы сыйлықтар алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий