Жамбыл облысы: Сегіз мыңнан астам түлек ақылы негіздегі ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсырды

Қаңтардағы ақылы негіздегі ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарын тапсыруға аймақтағы түлектерінің 74,1 пайызы қатысуға өітініш білдірген.  ҰБТ қаңтар айының 20-ы күні басталып, ақпан айының үші күніне дейін жалғасады және карантинге байланысты он бес лек бойынша 9 тестілеу өткізу пункттерінде ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Жамбыл облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ҰБТ өткізу пункттерінде күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуда. Ақылы негіздегі ҰБТ-ны 11 (12) сынып оқушылары, өткен жылы ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер және шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша басқасына ауысқысы келетін студенттер тапсыра алады. Айта кету керек, тестілеу бес пән бойынша өтеді: 3 міндетті және таңдаған мамандығына байланысты екі бейінді пән.

ҰБТ қатысушыларына барлығы 120 тест тапсырмасы беріледі, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша 15 сұрақ, математикалық сауаттылық бойынша 15 сұрақ, оқу сауаттылығы бойынша 20 сұрақ және бейінді пәндер бойынша 35 тапсырмадан болады. Тестілеу тапсыруға 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ-ға қатысушылар барлығы 140 балл жинай алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий