Қайырымдылық көмек: Жылы жүрек – жомарт қол
Еліміздің тәуелсіздігіне отыз жыл толуына байланысты біздің республикалық орталықтың бастамасы бойынша «Жылы жүрек – жомарт қол» челленджіне сәйкес биылғы жылдың бірінші ауысым қатысушылары қабылданды. Басты мақсат – қайырымдылық іс-шараларға қатысу арқылы оқушылардың әлеуметтік құзыреттілігін дамыту.
Дұрыс ұйымдастырылған демалыс баланың психологиялық, физиологиялық тұрғыдан жақсы дамуына ықпал етіп, дүниетанымының жетілуіне мүмкіндік береді. Сондықтан ауысымға келген балаларды әр түрлі шараларға белсенді түрде қатыстырып, ой-өрістерін ілгерілету – ұжымдағы маман қызметкерлердің басты міндеті. Уақытты тиімді пайдалануға бағыттау да педагогикадағы маңызды мәселелердің бірі.
Ауысым барысында ұл-қыздардың бойына жанашырлық сезімін оятып, адамдарға риясыз көмектесуге дайын болуға үйрету мақсаты көзделді. Осыған орай оқушылар қайырымдылық челлендждерін бастап, қазақстандық жас патриоттар академиясының құрамындағы басқа мүшелердің қолдауы үшін жолданды. Дарынды оқушыларды анықтау арқылы шығармашылық әлеуеттерін дамыту мақсатында ауысымға келушілер қолөнер үйірмелеріне қатысып, арнайы көрмеге қоса түрлі топтардың арасында ән байқауы, театрлық фарс сайыстары және кездесулер ұйымдастырылды.
Ринат пен Асылжан Шамшырақ есімді танымал жас әншілер қонаққа келіп, қызықты әңгіме сұхбат жасалды. «IQANAT» ауыл оқушыларына арналған республикалық бағдарлама таныстырылымы кезінде балаларға кұнды ақпараттар ұсындық. Білім кешені мұғалімдері оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, рухани тәрбиені бойына сіңіру мақсатында түрлі сыныптан тыс іс-шараларға басымдық берген болатын. Бұл бағыттағы шаралар оқу-сауықтыру орталығындағы рухани тәрбиенің негізгі нысаны.
Алғашқы ауысымға қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жамбыл Айбек Ардақұлы мен Жаныбек Мұрат Кемалұлының бастамасымен ұйымдастырылған «Жақұт мекен Жетісу» тақырыбындағы танысу кешінің куәгері болды. Жетісу – мемлекетіміздің теңдесі жоқ әсем жерлерінің бірі. Бұл аймақ «жер жәннаты» теңеуімен бекер айтылмаған. Дәл осы топырақта қазақ хандығы құрылғаны тарихтан мәлім. Оқушылар осы идеяны құрдастарына сахналық көрініс арқылы шебер жеткізе білді.
Кеш барысында еліміздің сырлы өлкесіне рухани саяхат жасалды. Жас дарындар осы облыста дүниеге келген арқалы ақындардың өлеңдерін мәнерлей жатқа айтып, мың бұралған бидерімен ерекшеленді. Саят Медеуов жастарға жүрекжарды тілегін жеткізіп, әсем әндерін сыйға тартты. Саят Қабылұлын оқушылар қазақстандық жас патриоттар академиясының құрметті мүшесі ретінде қабылдап, «LOGIC LEAGUE» аталатын зияткерлік ойында бақтарын сынады. Нәтижесінде сегізінші сыныптар арасында Сабыр Хасболат жеңімпаз атанса, 9-сыныптар бойынша Еділбай Дамир топжарды. Рухани тәрбие беру мақсатындағы сыныптан тыс жұмыстардың оқу үдерісінде байқала бермейтін әр оқушының жеке ерекшеліктерін ашуға көмектесері сөзсіз.
Бану ИГИСЕНОВА,
“Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру
орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі, Алматы облысы, Қапшағай қаласы