Еуразия ұлттық университетінің басшылығы студенттік үйлерді аралады

Ректор Ерлан Сыдықов бастаған Еуразия ұлттық университетінің басшылығы Студенттік үйлерді аралады. Көктемгі оқу семестрінің аралас форматта жүруіне байланысты бірінші курс студенттерін жатақханаға орналастыру қаңтар айының ортасынан басталғаны белгілі, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

ЖОО ректоры мен проректорлар және құрылымдық сала басшыларының жатақханаға бүгінгі сапарының негізгі мақсаты – жаңа тұрғындардан санитарлық-эпидемиологиялық талаптар жағдайында тұру және оқу деңгейі туралы сұрап-білу, бетпе-бет пікірлесу болатын. Университет басшылығы осы мақсатта жатақханалардағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын тексеріп, студенттермен бірнеше кездесу өткізді және Студенттер үйлеріндегі оқу шарттары туралы сұрап білді.

Студенттер өз кезегінде жатақханада тұру және оқу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалғанын жасырмады. Мәселен, ЕҰУ-дің механика-математика факультетінің бірінші курс студенті  Айшаға жатқханада тұрған ұнайды. Ол бөлменің өте жылы, тіпті ыстық екенін айта келіп, «мұнда барлық қолайлы жағдайлар жасалған»,-деді  ол. Сондай-ақ, Айша бірінші ақпанда барлық студенттермен бірге университетке баруға, курстастарымен және оқытушыларымен кездесуге болатын уақытты асыға күтіп жүргенін білдірді. «Өйткені мұғалім мен студент арасындағы тікелей байланысты ештеңе алмастыра алмайды, – дейді ол.

Айта кету керек, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттік үйлерінде барлық санитарлық ережелер қатаң сақталған. Жатақханаға тек студенттердің өздері ғана жіберіледі, ал ата-аналары мен жақындарының ішке кіруіне рұқсат етілмейді. Ғимаратқа кіре берісте дене қызуын өлшеуге арналған биометриялық жүйелер, дезинфекциялық туннельдер мен санитайзерлер қойылған. Әрбір екі сағат сайын дезинфекциялау құралдарымен ылғалды жинау жүргізіледі. Студенттердің жатақханаға кіруі мен шығуын қызметкерлер қатаң қадағалап, сабақ кестесіне сай журналға тіркеп отырады.

Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың беталды жүруіне тиым салынған, күніне отыз минутқа далаға шығуға рұқсат етіледі. Студенттер бөлмелерге «бір тұрғынға 6 шаршы метр» қағидасына сай  орналасады. Әр қабатта қолды санитарлық тазартатын құралдар мен дезинфекциялық кілемшелер бар және барлық бөлмеде тұрмыстық жағдайлар қарастырылған. Сондай-ақ Студенттік үйлерде компьютерлік сыныптар, оқу залдары жұмыс істейді және олардың барлығы толығымен WI-FI жүйесімен жабдықталған. 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий