Жамбылдық тоғыз оқушы республикалық олимпиаданың екінші турына жолдама алды

Қазақ тілін үйренуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтау, оларды әрі қарай дамыту мақсатында «Дарын» республикалық орталығының ресми сайтында қазақ тілінен 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасының бірінші туры аяқталды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Олипиадаға облыстан 422 оқушы қатысып, мемлекеттік тілді игеру деңгейімен бақ сынасты. Нәтижесінде жоғары ұпай жинаған жамбылдық 9 оқушы ІІ турға жолдама алды.  Қорытынды тур қаңтар айының 28-і күні сағат 15.00-де прокторинг және бейнебақылау жүйесін қолдану арқылы онлайн форматта ұйымдастырылады.

Айта кету керек, қорытынды турдың олимпиадалық тапсырмалары екіге бөлінеді: түркі тілдес ұлт оқушыларына арналған және өзге этностардың оқушыларына арналған тапсырмалар. Үміткерлерге лексика-грамматикадан 70 тапсырма, оқу сауаттылығынан 50 тапсырма беріледі. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий