НЗМ – Ақтау: Ұжым басшылығына жаңа директор тағайындалды

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа директор тағайындалды. Жаңа басшыны мектеп ұжымына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарма төрағасы Күләш Шамшидинова таныстырды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Қамқоршылық кеңес пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасының шешімімен Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметіне Әсел Сайдуғалиқызы Бейсембинова, ал Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметіне Ермек Серікұлы Пайзов тағайындалды.

Асель Сайдуғалиқызы – 2002 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «аударма ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, 2006 жылы аталған оқу орнында «педагогика және психология» мамандығы бойынша магистр атағын алған. 2015 жылы Назарбаев университетінің «білімдегі көшбасшылық» саласы бойынша Жоғарғы білім беру мектебін тәмамдады.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, декан орынбасары қызметінде болған. NIS жүйесінде 2011 жылдан бастап: мұғалім, Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп директорының орынбасары болып қызмет еткен.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий