Физика біріктіреді: NIS (Қазақстан) және MISJ (Индонезия) 

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Индонезиядағы Mentari Intercultural School Jakarta мектебінің 11 сынып оқушылары өзара онлайн байланысқа шықты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. 

A-Level және IBDP hysics бағдарламалары бойынша білім алатын оқушылар оқу бағдарламасындағы ерекшеліктері жайлы айтып, физика пәнін игеру кезіндегі қиындықтар және осы пандемия кезіндегі физика пәнін игерудегі өзгерістер туралы сөйлеті. Кездесудің екінші бөлімінде оқушылар өз елдерінің салт-дәстүрімәдениетін таныстырыперкін әңгіме өрбітті. Мектебіміздегі  физика апталығы аясында өткен кездесуге екі мектептің басшылығы,  физика мұғалімдері мен үздік оқушылары қатысты 

– Кездесу қызықты өтті. Біз индонезиялық оқушылармен танысып, екі елдің салт дәстүрі, ауа райы жайлы сөйлестік. Мен Әлиханмен бірге ұлттық тағамымыз ет жайында айттым. Сөйтсе, жылқының етін олар да жейді екен. Екі мектептің оқу бағдарламасы да ұқсас болып шықты. Бізде де, оларда да MUN, TEDxклубтары бар, – деп бөлісті 11 “Н” сыныбының оқушысы Теміршін Кантемиров.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий