НЗМ – Ақтөбе: Арман Жалғасбаев халықаралық жарыста бірінші орын иеленді

Ақтөбе қалалық физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Арман Жалғасбаев «ақылды маска» ойлап тапты. Бұл өнертабысы бірінші орынға лайық ретінде танылып, оқушыға 300$ көлемінде ақшалай сыйлық пен диплом табыс етілді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Робототехника бойынша халықаралық жарысқа ұсынылған «RUD SMART MASK» жобасы респираторлық маска мен қоршаған орта анализаторы функциясын атқара алады. Маска негізгі екі бөліктен тұрады: біріншісі, ауадағы газды анықтауға арналған талдағыш пен сигнал беруші құрылғы, олар bluetooth-модуль арқылы ақпарат таратады, ал екінші бөлігі сүзгі есебінде қолдануға болатын маска, ол ағзамызды ластанған ауа мен вирустан қорғайды.

Тұтынушыға ыңғайлы болу үшін екі компонент өзара неодим магнитімен жалғанып тұр, – дейді қатысушы. Маска қазіргі уақытта көптің қажеттілігіне айналғандықтан, оның сапасы әрі қайта пайдалану мүмкіндігі аса маңызды. Осы тұрғыда жас өнертапқыш «Ақылды масканы» тазалауға арналған RUD STAND құрылғысын да жасады. Маска фильтрі ультрамедколь, спанбонд, белсендірілген көмір қосылған мата және акрилден жасалды, ал бұл аппарат оны арнайы ультракүлгін сәулелер көмегімен бірнеше минут ішінде жаңалап береді.

Нәтижесінде маска қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, – дейді ақтөбелік зияткер. Айта кетсек, Ш.Уәлиханов мектебі ұйымдастырған халықаралық жарысқа Ресей мен Өзбекстан, Түркия мемлекеттерінен де жобалар ұсынылды. Әлемдегі короновирустық пандемияға байланысты байқау онлайн форматта ұйымдастырылды. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий