“ЖОО үздік оқытушысы – 2020”: Ақылбеков Нұрғали байқау жеңімпазы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі Ақылбеков Нұрғали – химия ғылымдарының кандидаты, химия мамандығы бойынша философия докторы (PhD), «Экология және химиялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы» еліміздің 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысып, 48 жоғары оқу орнынан 150 адам жеңіске жеткен, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық және ғылыми шеберлігін саралайтын «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2020» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Нұрғали Икрамұлы ұстаздық қызметіндегі және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы табыстары үшін 2017 ж. Республикалық «ҒАНИ МҰРАТБАЕВ» атындағы жастар сыйлығының иегері, 2017 ж. Италияның Милано Мариттима қаласында өткен Жас Химиктер Симпозиумының қатысушысы, 2017 ж. ҚР Үкіметінің мемлекеттік «ДАРЫН» жастар сыйлығының иегері, 2019 ж. Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның және т.б марапаттардың иегері атанған.
Халықаралық ғылыми-ақпараттық базалық компаниялар Web of Science және Scopusтың басылымдарына енген жоғары импакт-факторлы журналдарда ғылыми мақалалар, шетелдік, халықаралық және республикалық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдар мен баяндама тезистері, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының өнертабыстық, инновациялық және пайдалы модельге патенттері түріндегі 104 ғылыми еңбектері жарық көрді.
2020 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болған Нұрғали Акылбеков өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін грантқа ие болды. Аталмыш конкурс жоғары оқу орнының оқытушыларына шығармашылық әлеуеттерін жүзеге асыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге зор мүмкіндік береді. «ЖОО үздік оқытушысы-2020» конкурсының жеңімпазы Ақылбеков Нұрғалиді шын жүректен құттықтай отырып, ғылымда табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Загрузка...