Жаңа технологияның тиімді әдістері мен тәсілдерін пайдалану – сапалы білім негізі

Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану – заман талабы. Қазіргі таңда елімізде әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесі құрылды. Жаңалыққа жаны құмар ұстаздар қауымы 2016-2017 оқу жылында жаңа мазмұнда білім беру жүйесіне кірісіп кеттік. Жұмыс барысында менің түйіндегенім, бұл жүйеде жаңа талап мұғалімге қойылады, яғни мұғалім  тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра алатын, білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет.

Оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы заманауи технологияларды қолдану десек, осы мақсатта оқушылардың өздері оқуға қатысқанда ғана оқу қызықты, әрі тамаша болып шығады. Атап айтар болсам, жобалау, құрастыру, зерттеу, ашу, осы сөздердің шынайы мағынасында жаңалық ашу болып табылады. Мұның бәрі тек заманауи технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.

Мұғалімдер оқушылардың үйренгенін үнемі жинақтап отырады, өйткені, оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну, олардың бұдан былайғы оқуда алға жылжуының ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес. Оның ата-аналар үшін баланың оқу үлгерімі бойынша есеп беруде, оқушыға оқу барысында қосымша сабақтарды таңдауда көмек көрсетуде, сыртқы біліктіліктің барлық немесе жеке құрылымдарын қалыптастыруда, оқушылардың мектепте жеткен нақты жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында қолданылуы орынды.

Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Ақпараттың сенімділігі – оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді. Ақпараттың дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын  барлық тұстарды бағалауды талап етеді. Оқушының еңбегін бағалау жөніндегі мұғалімнің пікірі маңызды болып табылады. Ақпарат дұрыстығының сапасы мен  оңтайлы сенімділігі бірігіп, бағалау үрдісіне кепілдік береді.

Бағалау сенімділігі әділетсіз немесе бір жақты бағалауды, мұғалімдер қолданатын үлгілердің алуандығын, түсіну мен машықтардың маңызды аспектілері туралы ойлау қабілетсіздігі сынды  мәселелерді жоюға мүмкіндік береді. Әділ бағалауды қамтамасыз ету мақсатында сыныпта осы рәсімдерді жүргізуге қажетті тестілер мен тапсырмалардың  сапасына ерекше назар аудару керек. Мысалы, орта білім беруде мұғалімнің көбісі оқулықтан немесе өткен емтихан тапсырмаларынан  алынған тест сұрақтарын пайдаланады.

Сыныпта күнделікті бағалау үрдісі үнемі арнайы тапсырмалар мен тестілер әзірлеуді қажет етпейді. Көптеген жағдайларда оқушылардың оқу үлгерімін күнделікті сабақ уақытында бағалап, солардың негізінде қорытынды бағалауды жасаған да жеткілікті. Бағалау сенімділігі ең басында сынып немесе мектеп ішінде пайдалануға арналған жағдайда түбегейлі болып есептелмейді. Сондай-ақ, негізгі мақсаты оқыту негіздерін  қалыптастыру  болса, күн сайынғы жиынтық бағалауды реттеу  қажеттілігі жоқ.

Кейбір оқушылар  сыныптастарынан немесе мұғалімнен баға алғаннан гөрі, өзін-өзі  бағалағанды артық санайды. Өзін-өзі бағалау түсінуді және сенімділікті дамытады. Ол мұғалімге қарағанда, оқушыдан көп жігерді талап етеді, жалпы алғанда, тиімді оқыту әдістерінің сипаттамасы болып табылады.  Мұндай әдіс оқушылардың өзара бағалау әдістеріне жатады. Шын мәнінде, оқушының таңдауы бойынша бір немесе екі бағалаудың түрін өткізу үшін оқытудың әртүрлі әдістерінің  қайнар көздерін пайдалануға болады.

Оқушылардың  жауап үлгілерімен алмасуы, бірақ қажеттілігіне қарай, туындаған сұрақтарды бірігіп талқылай отырып, өз жұмыстарын тексеруі  «ымыралы» әдіс болып табылады. Осы әдіс оқушыларға Сіздің ойлағаныңыздан гөрі, барынша көбірек ұнайды. Онда кері байланыстың жылдам әсері болғандықтан, өте ынталандырады, оның үстіне кері байланыс тезірек туындаған сайын ол барынша уәждейтін болады. Кейбір оқушыларға өз жауаптарын жауап үлгілерімен салыстыру барысында олардың не үйренгенін жинақтау үшін көмек қажет болады.

Жаңартылған мазмұнда білім беру жүйесінің ерекшеліктері мен жаңашылдықтары айтарлықтай жетерлік. Оның бірін ғана айта кететін болсам, оқушы күнделігі мен сынып журналының өзгерістері. Қорытындылай келе, сабаққа күнделікті критерий құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ,  оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін саралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысады. Сондай-ақ мұғалімге деген өкпе-реніш болмайды, себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады деп ойлаймын.

Сауле Есмурзақызы ЖАДРАСИНОВА,
Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий