ЕҰУ-дің 17 оқытушысы еліміз бойынша үздіктер қатарында

Еуразия ұлттық университетінің 17 оқытушысы «Ең үздік оқытушы – 2020» байқауының жеңімпазы атанды. Байқауға республикамыздың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысты. Оның ішінде 48 университеттен 150 адам үздіктер қатарына енді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Жеңімпаздар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Білім және ғылым министрлігінің ресми мәліметінше, оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмысын бағалаудың өзекті сапалық және сандық 2 блоктан тұратын көрсеткіштері бойынша бағаланды: бірінші блок – оқыту сапасы, II блок – ғылыми-зерттеу қызметі.

Биыл алғаш рет «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» конкурсына қатысуға өтінімдер беру, құжаттарды тексеру рәсімі, сондай-ақ апелляция онлайн режимде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілді. Конкурстың әрбір кезеңінде үміткерлердің жинаған балдары автоматты түрде ақпараттық жүйеде жарияланып, конкурс үміткерлері өз нәтижелерін онлайн режимде бақылай алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий