Рухани акция: Бір отбасы – бір кітап

Жергілікті барлық білім беру ұйымдарында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Бір отбасы-бір кітап»  атты отбасылық  акциясы ұйымдастырылуда. Біздің мектептің оқушылары ата-аналарымен бірге Абай шығармаларын оқып, талдап, өздеріне ұнаған өлеңдерін жатқа айтты.

Негізгі мақсаты, отбасымен бірге балаларды кітап оқуға тартуға әсері мен маңызы зор екені барлығымызға белгілі. Аталған іс-шараға көптеген оқушылар қатысуда. Бастауыш сынып оқушыларына ақынның табиғат лирикасы, орта буын оқушыларына аудармалары, поэмалары, жоғары сынып оқушыларына қара сөздер бойынша үй жағдайында отбасылық іс-шаралар жалғастырылуда. Балалардың кітап оқуға деген құштарлығы, құлшынысы, рухани байлығының артуы көп жағдайда отбасындағы үлкендердің көрсеткен бағыт-бағдарына байланысты екенін жақсы білеміз.

Қазіргі кезде «Бір отбасы-бір кітап» акциясы аясында белсенділік танытып, бейнебаян арқылы белсенді отбасы болған Сатжановтар отбасы және Топбаевтар отбасы. Бейнебаяндарды біздің білім ордасының Instagram желісінен көріп тамашалауға болады. Ұлы ақын өз ғұмырының соңынан дейін қазақ балаларын оқуға, білім мен ғылыммен айналысуға,рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын бойға жинауға шақырған.

Дана ақын, дара ақын өскелең ұрпақты «жүрегімнің қуаты, перзенттерім»деп бағалаған. Рухани тағылымды шара әлі де жалғасын табуда. Қатысқан оқушыларға сәттілік тілей отырып, шығармашылықтары дамыған, қабілетті мол саналы ұрпақ болуына тілектеспіз.

Жанар БЕКМАГАНБЕТОВА,
Зейтін Ақышев атындағы мектептің
кітапханашысы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий