“Абайтану” республикалық олимпиадасы: Ақмолалық оқушылар жүлделі орындарды иеленді

Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республика көлемінде III «Абайтану» олимпиадасы онлайн режимде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Ережеге сәйкес олимпиада 2 айналымнан тұрды. Бірінші айналымда қатысушылар Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазса, екінші кезеңде Абай өмірі мен шығармашылығы жайлы, М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің мазмұнын жалғастыру, роман мазмұнына қатысты «сократтық» сұрақтар арқылы жалпы білімін, логикалық ойлау деңгейін тексеру; Абай өлеңдеріне теориялық, эстетикалық талдау; Абай іліміне оқушы көзқарасы; Абайтанушылар арқылы баланың ізденісін, берілген сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауатын тексеру жұмыстары өткізілді.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: Целиноград ауданы, Софиевка ауылы №21 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Универқызы Айым жүлделі I орын; Степногорск қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Әбдрахим Көркем II орын; Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Балсеит Елдана – II орын; Бұланды ауданы, Никольск ауылы, Елтай орта метебінің 9-сынып оқушысы Төлеу Елік – алғыс хатпен марапатталды.

Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Батталова Мақпал – алғыс хат; Степногорск қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Қойкен Ұлпан – алғыс хат; Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Билялова Алика – алғыс хат; Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Елешқызы Шұғыла – алғыс хат; Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің 9-сынып оқушысы Малчыбай Айсулу –алғыс хат табысталды. Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий