Асқар Мамин, ҚР Үкіметінің басшысы: Жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді

Үкімет бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту бойынша жұмыс жасайды. Озық халықаралық практика негізінде Балаларды ерте дамыту жөніндегі ұлттық жоспар әзірленеді.  Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін енгізу және қосымша білім беруде жан басына қаржыландыру арқылы 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтуды 99 пайызға жеткізу жоспарланып отыр, – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұйымдастырылған Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөйлеген сөзінде. 

Төрт жүз жаңа балабақша ашылады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 180 мектеп салу жоспарланған.  Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электрондық форматқа көшіріледі. Отандық ғылымды жүйелі дамыту аясында жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа қаражат салуын орталықтандыру көзделген. Бес жүз ғалымды әлемдік жетекші ғылыми орталықтарға тағылымдамаға жіберу ұйымдастырылады.  Жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді. Өңірлердегі жоғары оқу орындарының сапасын арттыру үшін 20 академиялық басымдық орталығын құру бойынша жоба іске асырыла бастайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий