Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: Білім беру – тәжірибе алаңы емес

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөйлеген сөзінде оқушылардың білім сапасының халықаралық бағалауына да назар аударып, мектептердегі білім сапасының жүйелі түрде нашарлағанын айрықша атап айтты, – деп хабарлайды “АҚОРДА” сайтының ресми ақпаратында. Сондықтан бұл салаға түбегейлі өзгеріс керек.

– Бүгінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгізу жөнінде ұсыныстар өте көп. Соңғы он жылда тоғыз пән енгізілген. Білім беру – тәжірибе алаңы емес. Мұның бәрі негізгі пәндерге бөлінген сағаттың қысқаруына әкеп соғады. Соның өзінде елімізде оқыту жүктемесі тым жоғары – 67 сағат. Ал Финиляндия мен Оңтүстік Кореяда оқыту жүктемесі – 39 сағат, АҚШ-та – 55 сағат. Шәкірттерді оқыту мен басқа да дамыту шараларының арасында тепе-теңдік болуы аса маңызды. Әлемдік үдерістерді ескере отырып, математика, тіл меңгеру және информатика секілді пәндерге ерекше басымдық берген жөн, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сонымен қатар Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндері бойынша бірыңғай оқулық әзірлеп, оны енгізу керек. «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұжырымдамасында 2025 жылға дейін жаңа 800 мектеп салуға уәде берілген. Президент осы жұмысқа шұғыл кірісуді және биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий