БҒМ: Шетелдік ұйымдарда оқуға тыйым салу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Шетелдік ұйымдарда оқуға тыйым салу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қосымша білім алу – әр баланың құқығы. Қосымша білімді балалар тек біздің елімізде ғана емес, басқа елдерде, тіпті қашықтан ала алады, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары міндетті орта білім алуы керек және ол мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстанда өмір сүретін бала еліміздегі білім ордаларында, яғни жалпы білім беретін мектептерде, гимназиялар, лицейлер немесе халықаралық мектептерде оқиды.

Қосымша білім ретінде шетелдік мектептерде қашықтан білім алуға болады. Егер балалар ата-аналарымен бірге шет мемлекеттерге уақытша қоныс аударса, онда балалардың шетелде білім алуына ешқандай шектеу жоқ. Қазақстанда тұратын және білім алатын балалар ғана емес, сондай-ақ ересектер де түрлі қосымша курстарда, оның ішінде онлайн курстарда оқи алады.

Айта кетейік, бейресми білім беру жүйесін дамыту аясында кейбір жоғары оқу орындары өздерінің ішкі академиялық саясатына сәйкес “Coursera” сынды және тағы басқа онлайн білім беру тетіктерінің көрсеткіштерін ескеріп жатыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий