Қ.А. Ясауи университеті: Түркия Ұлы Ұлттық Мәжiлiсiнің (Түркия Республикасының Парламенті) Төрағасы Мұстафа Шентоп оқытушылармен кездесу ұйымдастырды

 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжiлiсiнің (Түркия Республикасының Парламенті) Төрағасы Мұстафа Шентоп Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушылары мен білімгерлерімен онлайн кездесу өткізді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.  

 

М. Шентоп университе  ұжымын 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінің басталуымен құттықтай отырып, Университеттің құрылу тарихы мен маңыздылығына тоқталып, оның Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық байланысын арттыруға қосатын үлесін, университеттің Түркі әлемінің жастары үшін ортақ білім және ғылым, мәдениет шаңырағы болу миссиясын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Төраға университеттің Халықаралық мәртебесі оның әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыратынына және халықаралық рейтингтерде жоғары орындарға ие болатынына сенім білдіріп,

Қазақстан Президенті тарапынан оқу ордасына берілген ерекше мәртебе университет үшін жаңа даму мүмкіндіктер ашатынын айтты. М.Шентоп сондай-ақ Ахмет Ясауи университеті өткен 30 жыл ішінде түркі әлемі үшін жоғары білікті мамандар дайындап, олардың қазіргі таңда тек Қазақстанда ғана емес әлемнің әр түкпірінде жоғары лауазымды қызмет жасап жүргендігінің куәгері екендігін жеткізді. 

Сөзінің жалғасында М.Шентоп Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегінде көрініс тапқан рухани мұраларын терең зерттеудің актуалдылығы мен құндылығына қатысты пікірлерімен бөлісті. Түбі бір Түркі әлемінің рухани дамуы мен өркендеуі үшін жасалынып жатқан барлық еңбектер – бабамыз Қожа Ахмет Ясауи  алдындағы борышты өтеу болып табылатынын айтты. Кездесу барысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек профессор Мұстафа Шентоп мырзаның түркі әлемінің ғылымы мен білімін дамытуға қосқан елеулі үлесін айрықша атап айтты.

Және университет оқытушылары мен студенттерімен кездесуге қатысқаны үшін алғысын білдірді. Онлайн кездесуде университет ректоры Болатбек Абдрасилов пен ректор өкілі Женгиз Томар сөз алып, Түркия Парламент Төрағасына алғыстарын жеткізді. Аталған кездесу  Youtube желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Онлайн форматтағы кездесу, университет студенттері дайындаған бейне-роликпен аяқталды.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий