Саралап оқыту: Білімгерлерге қолдау көрсетудің негізі ретінде

Жаңартылған білім беру  мазмұнына көшу барысында ,оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын  арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөлініп, заманауи технологияларды қолдануға көшу процесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру туралы қажет.  Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту.

«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру. Жаңартылған білім беру  мазмұнына көшу барысында саралап оқытудың тиімділігіне келетін болсақ, мәселен, сыныпта барлық оқушыға бірдей тапсырма берілсе, қабілеті орташа  оқушылар тапсырманы орындауға тырысады, бірақ орындай алмай қиналады және орындау  қабілеттері жетпейді. 

Сондықтан мұғалім сабақта оқушылардың мүмкіндігі мен қажеттілігін ескеріп қабілетіне қарай тапсырма әзірлесе оқушылардың  мүмкіндігін ескеріп,  материалды  баяндаудың  тереңдігін және жылдамдығын бәсеңдетеді. Бұл кейбір оқушылардың қабілеті мен мүмкіндіктеріне  сәйкес  келгенімен,  жақсы  оқитын  оқушылардың  қабілеттерінің  дамуына  кедергі  болады. Сол есебепті мұғалім  оқулықта берілген жаттығулармен, сыныптық  жұмыстармен  шектеледі,  ең  соңында,  қабілеті жоғары оқушылардың  қабілетінің төмендеуіне  әкеп  соғады.  Нәтижесінде мұғалім алдына қойған мақсатына жете алмайды. Жете алмауының бірден- бір себебі: сыныпта әр деңгейлі оқушылардың болуына байланысты болып отыр.

Оқытуды  дәстүрлі  ұйымдастыруда  оқушылардың  жеке  қабілетіне  бейімделу  мүмкіндігі  ескерілмеген. Бүкіл сыныппен  және  жеке  оқушымен бір  уақытта  қалай  тиімді  жұмыс  істеуге  болады?  Жеке  танымдық  дамуын қалай жоспарлауға  болады?  Саралау тәсілдері арқылы  деңгейлері әр түрлі оқушылардың  психикалық  ерекшеліктерін, талпыныстарын, есте сақтау қабілеттерін,  жылдамдылықтарын және ойлау дағдыларын ескеріп,  шығармашылық  дағдыларын қалыптастыруға тиімді тәсіл болып табылады. Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар олардың ойлауына әсер етеді, тапсырманы орындау үшін жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл-ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді.

Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл əдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету жəне ынталандыру да маңызды рөл атқарады. Саралап оқыту – оқушыға қолдау көрсетуде тиімді тәсіл болып табылады. Деңгейлері әр түрлі оқушылар тек мұғалімнің қолдауына ғана ие болып қоймайды, сонымен бірге жақын арадағы даму айиағы жүзеге асып сыныптастарының да қолдауына ие бола алады. Оқушы нәтижеге екі жақты қолдау арқылы қол жеткізеді. Бұл  нәтижелерді дәстүрлі  сызба бойынша  бағалау мүмкін  емес,  бұған  рейтингтік  бағалау  сәйкес  келеді. 

Тапсырмалардың  деңгейлері  мұғалім  мен  сыныптың  өзара  қарым-қатынасының  кезеңдерінде  әр  түрлі  анықталады және  деңгейлер де  осыған  байланысты  әр  түрлі  болады. Оқушы  оқытудың  белгілі  бір  кезеңінде  неге  талпынатынын,  қандай  біліктері  болатынын  білуі  қажет.  Сондықтан  әр  сыныпта  оқытудың   қандай  метатанымдық, тілдік дағдылардың қалыптасуы  қажет  екенін   білу маңызды. Танымдық  материалға  тұрақты  қызығушылығы  бар  оқушының  мүмкіндіктерімен  шығармашылық тапсырмаларды орындау жолдарын,  күрделілігі жоғары тапсырмаларды, шығармашылықты талап тетін жаттығуларды  білікті  түрде  үйлестіре  білген  жағдайда  мұғалім  оқушыға дұрыс орындауына көмектеседі.

Оқушының өзін-өзі бағалау  деңгейін  өсіреді,  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді. Саралау әдісітері ол әр баланың  жекелей  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  оқытуға  қажетті  жағдай  жасауға  бағытталған даму деңгейлері ескеріледі. Саралап оқытудың маңыздылығы бір  сыныпта,  бір  бағдарламамен және бір  оқулықпен оқи  отырып,  оқушылар  оқу  материалын  әр  түрлі  жолдармен  игереді.  Сондықтан  шығармашылық  деңгейде  жұмыс  істейтін оқушылар үшін тапсырманы күрделендіре отырып талдауға,  салыстыруға  қатысты,  дәлелдеуді,  маңыздысын  бөліп  алуды  және  бағалауды  қажет  ететін  тапсырмалар  беру  керек.

Саралап оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы іске асады. Саралап оқытудың мақсаты- әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамсыз етеді. Қорыта айтқанда, білім беру  мазмұнын жаңарту бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына жаңа ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. “Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса”, – деген екен А.Байтұрсынов. Сондықтан үнемі кәсіби біліктілігін артып, жаңашылдыққа ұмтылған педагог қана шығармашылықпен, зор қуатпен еңбектенеді. Себебі, әлем таныған елде рухани бай және интеллектуалды тұлғалар мекендеу қажет.

Жанар Сыихынбаевна КОШКИМБАЕВА,
“Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы Жамбыл бойынша
ПҚ БАИ аға оқытушысы, Тараз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий