Жетекші мектеп: Инновациялық бағыттағы қызметтер
Біздің білім ордасының мұғалімдерді тұрақты түрде үздіксіз кәсіби шеберлігін дамытуға ынталандырып, ұжымдағы ынтымақтастықты дамыта түсу үшін жұмыс жасауда. Мектепаралық серіктестік айына бір рет бетпе-бет кездесу, әлеуметтік желі арқылы қажетінше байланысу арқылы жұмыс жасау ұйымдастырылуда.
Ең бірінші, қоғамдастықтың іс-әрекетті зерттеу үдерісінің жүйесі, яғни эвалюация жүйесі құрылды. Біздің серіктестіктің байланысы алғашқы үш жылында иық тіресе, біріге отырып жаңалықты игеру, бірге ілгері қадам басу болса, бүгінде кәсіби байланысымыз дами түсті. Сондықтан қазіргі кезде сағат механизмі сияқты тоқтаусыз алға жылжып, бір-біріміздің дамуымызға әсер етуді мақсат етеміз. Біз серіктес мектептерді басқаруды емес, қолдау мен дамытуды көздейміз.
Ортақ мәселе оқу жылының соңында қол жеткен нәтиженің талдауы бойынша, ағымдағы тәжірибе кезінде түрлі зерттеулер арқылы анықталды. Жетекші мектеп ретінде гимназияның динамикалық жаңашылдық қызметінің құрылымын жасап, даму тенденциялары кеңейтілген іс-әрекеттегі зерттеудің нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби дамуы мен оқушылардың білімнің жоғары нәтижесіне кепіл болды. Инновациялық қызметтердің басым бағыттары: жетекші мектеп ретінде серіктес мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету; жетекші мектеп пен серіктес мектеп мұғалімдердің өзін-өзі дамытуына бағытталған іс-шаралары.
Және жетекші мектеп тәжірибесін тарататын тәжірибелік алаңдары; әдістемелік тақырыптар бойынша жетекші мектеп пен серіктес мектептердің бірлескен зерттеулері; пандемия жағдайындағы оқытудың онлайн құралдарын тиімді қолдану жолдары бойынша іс-шаралары. Гимназияда жетекші мектеп ретінде жиынтық бағалау тапсырмаларының қоры жасалды, зерттеу сабақтары YouTube каналында орналастырылған, оқушылар мен ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша оң бағаға ие болды.
Біздің білім шаңырағы мен серіктес мектептердің ата-аналары, мұғалімдері, оқушыларына қол жетімді, ресурстық портал арқылы үнемі ақпараттың әдістемелік алмасу жұмыстары жүзеге асырылады. Инноватор педагогтардың идеяларымен даму бағдарламасы аясында гимназия қызметін жетілдірудің іс-шаралар жоспары жасалған. Жауапты жұмыстар әр кезең бойынша нақты іске асырылып, мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыру арқылы оқушылардың жетістіктерін көбейтуге айрықша мән берудеміз. Жетекші мектеп серіктестермен бірге кәсіби тығыз байланыста тараптарға тиімділік тұрғысында атқару арқылы әрбір ұстаздар ұжымын табысты ортаға айналдыруға мол мүмкіндіктер барына көзіміз жетті.
Фарида Советбекқызы ШОРТАНБЕКОВА,
Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық
гимназияның директоры, Жамбыл облысы, Тараз қаласы