Жамбыл облысы: “Зерде” олимпиадасында 21 оқушы жүлде иеленді
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 2-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған “Зерде» байқауының XVI республикалық кезеңі қорытындыланды. Білім бәйгесіне аймақтын 31 оқушы қатысып, оның 21-і жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, олимпиадаға қатысқан әрбір оқушы терең білімімен ерекшеленгені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Байқау барысында жас ізденімпаздар зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары бойынша, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, техника, медицина, психология, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, химия, биология, экология, валеология секцияларынан өз білімдерін сынады. XVI «Зерде» республикалық байқауына қатысқан оқушылар мен оларды дайындаған пән мұғалімдерін құттықтаймыз!
Загрузка...