НЗМ – Өскемен: “Зерде” республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды
Бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен оларға қолдау таныту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығы оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVI республикалық «Зерде» байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.
Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Конкурсты қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өтті. Конкурс үш кезең бойынша өткізілді: бірінші кезең (мектепішілік); екінші кезең (облыстық); үшінші қорытынды кезең (республикалық). Алғашқы кезеңге 12000-нан аса жоба ұсынылып, республикалық деңгейге үш мыңнан аса жоба іріктеліп алынды. Соңғы деңгейде конкурс қатысушылары тоғыз секция бойынша өз жұмыстарын қорғады.
Бірінші секция қазақ тілі мен әдебиеті; екінші секция орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі; үшінші секция математика, информатика; төртінші секция физика, техника; бесінші секция медицина, психология; алтыншы секция тарих, өлкетану, этномәдениеттану; жетінші секция химия, биология; сегізінші секция экология, валеология; тоғызыншы секция робототехника.
Қорытынды бойынша біздің білім ордасының 7 “с” сыныбы «Үшқоңыр» шаңырағының оқушылары Айша Ташкенова «Математика» секциясы бойынша үшінші орынға, ал Айханым Ахметхан «Қазақ тілі» секциясынан үшінші орынға ие болды. Жетекшілері Айжан Акиева мен Зергуль Мусатаеваны және жетінші сынып оқушыларын жоғары деңгейдегі алғашқы жеңістерімен құттықтаймыз!
Загрузка...