Білім бәйгесінің жергілікті жеңімпаздары
«Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVI республикалық конкурсында 10 ақмолалық оқушы жүлдегер атанды. Қашықтан онлайн режим бойынша 1-7 сынып оқушыларына арналған XVІ республикалық «Зерде» байқауының қорытынды кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Бұл білім бәйгесі балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыруға ықпал етеді. Оқушыларының зерттеу жұмыстары тоғыз секция бойынша өткізілді. Зерттеу жобаларын қорғау жас ерекшеліктері бойынша екі топқа бөлінді 1-4 және 5-7 сыныптар арасында. Сынақ қорытындысы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды: «Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Шалабай Шыңғыс пен Шалабай Айзере – Көкшетау қаласы, №1 орта мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушылары.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Дастанов Нурислам – Көкшетау қаласы, №3 Красный яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы; «Химия, биология» секциясы бойынша Пинчук Виктория – Жақсы ауданы, №2 Жақсы орта мектебінің 4 сынып оқушысы; «Химия, биология» секциясы бойынша Аскар Алинур – Сандықтау ауданы, Балкашин №1 орта мектебінің 6 сынып оқушысы. Екінші дәрежелі диплом табысталғандар: «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы бойынша Ломова Алена – Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №2 орта мектебінің 4 сынып оқушысы.
Үшінші дәрежелі дипломның иегерлері – “Ағылшын тілі» секциясы бойынша Крашенинина Кристина Степногорск қаласы, А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы; «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Чаленко Дмитрий – Бурабай ауданы, Оқжетпес орта мектебінің 5 сынып оқушысы; «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы бойынша Акимов Рамсан мен Сабырханова Елдана – Бурабай ауданы, Зеленобор мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушылары.
Грамотамен марапатталғандар – «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Азизова Рада – Бұланды ауданы, Макинск қаласы мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы; «Физика, техника» секциясы бойынша Мырзахметов Алихан -Целиноград ауданы, Ақмол а. №5 орта мектебінің 4 сынып оқушысы; «Физика, техника» секциясы бойынша Хрущева Евгения – Аршалы ауданы, Ижевск орта мектебінің 7 сынып оқушысы; «Медицина, психология» секциясы бойынша Ақтансеріқызы Қарақат – Ерейментау ауданы, Торғай орта мектебінің 3 сынып оқушысы.
«Экология, валеология» секциясы бойынша Бернт Кира мен Кобилецкая Василиса – Атбасар ауданы, Атбасар қаласы №3 орта мектебінің 4 сынып оқушылары; «Робототехника» секциясы бойынша Петько Валерия – Ақкөл ауданы, П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебінің 6 сынып оқушысы; «Робототехника» секциясы бойынша Горлукович Владислав – Бурабай ауданы, Успеноюрьев орта мектебінің 4 сынып оқушысы. Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Әлі талай жетістіктеріңіздің куәсі болайық!
Загрузка...