Kundelik.kz: Ақмола облысына қола белгі берілді

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповке Kundelik.kz-тен «Қола белгі» табысталды. Біздің аймақтағы барлық білім беру ұйымдары бес жылдан  kundelik.kz платформасымен жұмыс жүргізуде, – деп хабарлайды осы өңірдегі жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі. 

Платформаның артықшылықтарын жүзеге асырудың жауапкершілігі Бағдат Қадыров жетекшілік жасайтын облыстық білім басқармасының жанындағы аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығына жүктелген. Кездесуде «Kundelik.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Мұхтар Ілиясов платформаны белсенді және үнемі қолданғаны үшін Ақмола облысының мұғалімдеріне алғыс айтты.

Сондай-ақ, kundelik.kz жүйесінің кеңейтіліп жатқанын, Майкрософт Тимс базасында сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларына біріктірілген ақысыз бейнеконференция жүйесі құрылғанын баяндады. Хабар және Еларна теле арналарында әзірленген дәрістерге негізделген ақысыз бейнесабақтарға қолжетімділік артып келеді. Естеріңізге сала кетейік, Күнделік 2020-2021 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады және электрондық журналдың ең белсенді пайдаланушыларын марапаттауға шешім қабылдады.

Журналдарды сапалы және уақтылы толтыру бойынша көшбасшылар тобына жергілікті мектептің мұғалімдері де көтеп қосылуда. Ақмолалық ұстаздардың еңбектері мен жеделдіктеріне алғыс білдіреміз! Сіздердің қолданушылық шеберлігіңіз педагогикалық қызметке уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий