Л.Н. Гумилев университеті: Веб-ресурстар рейтингісінде 1500-нан астам позицияға көтерілді

Қаңтар айындағы саралау нәтижесінде Еуразия ұлттық университеті Webometrics рейтингісінде 2023-ші орынға табан тіреді. 2020 жылдың шілдесінде білім ордамыз халықаралық рейтингіде небәрі 3784-ші орыннан көрінген еді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

2004 жылдан бастап өткізіп келе жатқан Кибернетика лабораториясы (CybermeticsLab) Испания Ұлттық Зерттеу кеӊесiнiӊ ақпарат және құжаттама орталығыныӊ саралауына әлемнің 200-ге жуық мемлекетінен 31000 ЖОО қатысты.  Webometrics рейтингісі университет жариялайтын веб-беттердiӊ көлемімен, (көрнекiлiк) және әсерімен (тиiмдiлiк) өлшенедi, университеттегі ғаламтор желісіндегі ғылыми жарияланымдар, әр ЖОО ғалымдарыныӊ зерттеу еӊбектері, оларға жасалған сілтеме ескеріліп, басты нысанаға ЖОО-ныӊ ғылыми-зерттеу әлеуеті алынады.

Webometrics рейтингісі қатысушыларының толық тізімімен мына сілтеме http://webometrics.info/en/world арқылы таныса аласыздар. Webometricsталдауы бойынша Қазақстан ЖОО-ларының рейтингісі: http://webometrics.info/en/Asia/Kazakstan.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий