Қысқы ойындардың қызығы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеттің Агробиологиялық учаскесінде Жаратылыстану институтының бастамасымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «WINTER GAMES» сайысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Спорттық шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын сақтау және ұжым мен білім алушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Жалпы өңіріміз қысқы спорт түрлерін (оның ішінде шаңғы спорты) өткізуге қолайлы аймақ болып табылмайтыны баршамызға аян, дегенмен бүгінгі шара талап пен ынта болса жастарымыздың кез-келген бастаманы алып кетуге даяр екендігін көрсетті.

Жарыс мәресін ашып берген университет ректоры Б.Каримова барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Алғашқы «Шаңғымен жүру» сайысында қызыл және көк түс киген спортшылар екі команда атынан шығып, бақтарын сынады. Жеңіске техниканы дұрыс орындай отырып, мәреге бірінші келген қатысушылар командасы жетті. Сонымен бірге, сайыстың «Кім мерген?» атты екінші турының шарты бойынша қатысушыларға үш мүмкіндік берілді.

Сол уақытта олардың әрқайсысы нысанаға дәл тигузуі тиіс. Осы ретте университет басшылығы да өз бақтарын сынап, университет ректоры өзінің мергендігімен ерекшеленді. Үшінші тур «Тазалық» ойыны деп аталып, аты айтып тұрғандай қатысушылар қар күреу бойынша бәсекелесті. Үш турдың нәтижесі бойынша арнайы құрылған әділқазылар алқасының шешімімен сайыста барлық шарттарды сақтай отырып, жылдам болған «Қырандар» тобы жеңіске жетсе, екінші орынды «Самғау» тобы қанжығасына байлады.

Жалпы сайыс өте қызықты және көтеріңкі көңіл күйде өтті. Бүгінгі шараға қатысушылар мен көрермендер тарапынан осы сынды спорттық ойын түрлерін жиі өткізу ұсынысы басшылықпен бірауыздан мақұлданды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий