Еліміздегі колледждерге академиялық дербестік беріледі

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.

 – Колледждерге академиялық дербестік беріледі. Аталған шара білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге білім сапасын арттыруға, оқу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Сол арқылы түлектер тезірек жұмысқа орналаса алады, – деді министр. Президент тапсырмасына сәйкес 15 өңірлік университет дамытылады. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында 15 өңірлік университетті дамыту қарастырылған.

Нақты критерийлер бойынша 15 өңірлік жоғары оқу орнын іріктеп аламыз. Осы университеттер арқылы өңірлердегі білім сапасын арттыру үшін нысаналы қаржы бөліп, оларды жаңа зертханалармен қамтамасыз етеміз. Ол оқу орнындарында жаңа білім бағдарламалары да ашылады, – деді министр. 

Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтар әзірленеді. Бұл бағыттағы жұмыстар басталды. – Орта білім жүйесінде оқу жүктемесін азайту мәселелері қаралады. Үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылады. Президенттің тапсырмасына сәйкес математика, тілдер және информатика пәндеріне ерекше назар аударылады. Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтарды әзірлеу және енгізу үшін тиісті жұмыстарды бастадық, – деді министр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий