НЗМ – Шымкент: Vanke Meisha Academy мектебімен серіктестік басталды

“Серіктестік мектептер” жобасы шеңберінде Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қытайдағы Vanke Meisha Academy, Шэньчжэнь, мектебімен өз серіктестігін бастады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. 

Алғашқы онлайн кездесуде NIS пен Vanke Meisha Academy-дың басшылығы мен мұғалімдері екі мектептің де жаһандық азаматтық, ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікке ашықтық секілді құндылықтары бір-бірімен ұштасқанын атап өтті. Vanke Meisha Academy немесе VMA 2015 жылы Vanke Education Group пен Қытайдағы ең жақсы орта мектептердің бірі Shenzhen Middle School негізінде құрылған.

Екі тілді халықаралық мектеп ретінде VMA қазіргі білім беру моделін неғұрлым инновациялық тәсіл арқылы өзгертуге тырысуда. «Серіктес мектептер» жобасы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, қатарластарымен бірге жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, ағылшын тілі деңгейін көтеру мақсатында мектептер арасында оқушылармен алмасуды көздейді. Осы жоба аясында Шымкенттік физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебі оның алдын Испаниядағы Sotogrande International School мектебімен серіктестік орнатқан еді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий