Жамбылдық екі оқушы үздік университеттің грантын иеленді

Биылғы қаңтар айының алғашқы онкүндігінде ұйымдастырылған XVII халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары, дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей интернатының 11-сынып оқушылары Сайлаубай Жалғас пен Қалдыбек Ерасыл Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің жүз пайыздық грантына ие болды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) білікті мамандарды даярлауда көшбасшы саналатын жоғары оқу орны. “Атамекен” Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының рейтингісіне сәйкес ҚБТУ еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орындарының үштігіне енген. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий