М. Әуезов университеті: Оқытушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Қазақ химия-технологиялық институтының құрылыс факультетінің жас оқытушылары – ғылым кандидаттары Ақболат Ахметов және Нұрболат Мұраталин, тағыда аға оқытушы Ергеш Махмудов жиналып, футбол жанкүйерлері клубын ұйымдастырды. Клуб «Академик» деп аталды. Бұл бастаманы дене шынықтыру кафедрасы меңгерушісі Мадияр Іспандияров қолдады. Клуб КазХТИ оқытушылары мен қызметкерлері арасында футбол жанкүйерлерін тапты. «Академик»  клубы Шымкент қаласы тұрғындары арасында белгілі болып, басқада мекемелерден жанкүйерлер келе бастады. Солардың ішінде политехникум оқытушысы Валериан Намды атап өту керек (қалада оны барлық футболға жақын адам жай «Валера» деп білетін).

Мадияр Іспандияровтың көмегі және сол кездегі институт проректоры Василий Михайлович Кирилиннің қолдауымен «Академик» клубына жаттығу үшін институттың спорт кешенінде үлкен спорт зал бөлініп, аптасына үш рет жиналуға уақыт берілді (зейнеткерлікке шыққаннан кейін В.М.Кирилин «Академик» клубының қатарына қосылып, клуб жұмыстарына белсенді қатысты). «Академик» клубы  сол кездегі бүкілодақтық «Мы и мяч»(«Біз және доп») конкурсына қатысып, 1986 жылы ЖОО оқушылары және қызметкерлері  арасында футболды дамытуда белсенді жұмыс жүргізгені үшін кәсіподақтың ерікті спорт қоғамының футбол Федерациясының мадақтамасымен марапатталды. Сонымен қатар, бүкілодақтың апталық «Футбол-Хоккей» газетіндегі (№ 1, 05.01.1986 ж.) мақалада «Академик» футбол клубының белсенділігі аталып өтілді.

Шымкент қаласында және облыста «Академик» клубына облыс комсомол комитетінің бірінші хатшысы Нұрдәулет Сәрсенов қолдау көрсетті. Н.Сәрсенов өзі футбол жанкүйері болып, қаланың Орталық стадионында бірнеше жолдастық кездесу өткізуге көмектесті. 1985 жылдың қазан айында «Академик» және облыс комсомол ұжымының құрама командасы Алматы қаласында «Қайрат» командасының ардагерлерімен жолдастық кездесу өткізді. «Қайрат» құрамында Қазақстан футболының аңызына айналған Тимур Сегізбаев, Сейілда Байшақов, Құрбан Бердиев және де басқа белгілі футболшылар болды.

Өткен жылдарда клуб құрамы жаңа мүшелермен толықтырылды. Ардагерлерді ауыстыруға жас оқытушылармен қызметкерлер келе бастады. «Академик» клубының жұмысына қатысу кезінде жиырмадан астам оқытушы диссертациясын ойдағыдай қорғап, ғылым кандидаты атағын алды. Ал клуб ардагерлері Ф.Е.Алтынбеков, А.Р.Ахметов және И.С.Бровко ғылым докторы дәрежесіне сай диссертация қорғап, профессор атағына ие болды. «Академик» клубының ұйымдастырушыларының бірі – Ақболат Раимбекович Ахметов облыс футбол Федерациясының мүшесі болды. Ақболат Раимбекович ұяшықты бетондар бойынша Қазақстанда және ТМД мемлекеттерінде белгілі ғалым бола тұрып, «Профессор қолжазбалары» еңбегін жазып, оның  бір тарауын «Академик» клубына арнаған.

Өкінішке орай, өткен жылдарда клуб біраз мүшелерін жоғалтты, уақыт адамдарға аяусыз екен. Ал клубтың қазіргі мүшелері өздерінің жол салушыларын ұмытпайды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшыларының қолдаумен «Академик» футбол  клубының ардагерлеріне арналған шағын футболдан турнирлер үнемі өткізіледі. Бұл турнирлерге футбол алаңдарында бұрынғы уақыттан бері достық қарым-қатынастары бар қаладағы белгілі  ардагер футболшылар қатысып келеді.

2020 жылы «Академик» футбол  клубының 40-жылдық мерей тойын атап өту жоспарланған еді. Өкінішке орай, дүниежүздік пандемия індеті мұндай мүмкіндік бермеді. Ал, Шымкент қаласындағы спорт тіршілігі өз кезегімен жалғасуда. Тиісті мекемелер рұқсатымен түрлі жарыстар ұйымдастырып жатыр. Бұларды өткізу кезінде барлық шектеу карантин шаралары сақталуда. Осылардың ішінде Шымкент қаласының ЛЛФ – ФЖЛ (Лига любителей футбола – Футбол жанкүйерлер лигасы) әуесқой футболшылар арасындағы шағын футбол жарыстары. Жарыстардың ерекшелігі – жақтаушылардың жоқтығы және өз ойыны аяқталған соң командалардың спорт кешенінен шұғыл қайтып кетуі. Қалған ойындардың нәтижелері ЛЛФ – ФЖЛ сайтында жарияланады. Осы жарыстарда «Академик» клубы барлық турнирлерге қатысады – 40 жастан асқандар үшін, 50 жастан асқандар үшін және 60 жастан асқандар үшін.

Ойындар сенбі немесе жексенбі күндері өтуіне байланысты, «Академик» клубының мүшелері негізгі жұмыстарына нұқсансыз қатысуға мүмкіндігі бар. Аталған шағын футбол жарыстарына қатысушылардан белсенділік танытқан ойыншыларды атап өтуге болады. Олар: 40 жастан асқандар ішінде – т.ғ.к., студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры Болысбек А., т.ғ.к., «Технологиялық машиналармен жабдықтар» кафедрасының доценті Байысбай Ө., «Сапа» зертханасының инженері Әлжанов Қ.;  елу жастан асқандар ішінде – ғылым кандидаттары, «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы»кафедрасының меңгерушісі Алдияров Ж.

«Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасының меңгерушісі Мұсабеков А.; 60 жастан асқандар ішінде – ғылым кандидаттары, «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының доценті Нұртазин Е., «Механика және машина жасау» кафедрасының доценті Серікбаев Б., «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасының зертхана меңгерушісі Бейсенбаев Қ. Осындай іс-шараларға қатыса отырып, «Академик» клубының мүшелері жастарға, бірінші кезекте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне, салауатты өмір салтын қалыптастыруда жақсы үлгі көрсетеді.

Жоғарыда аталғандардан техника ғылымдарының кандидаты Болысбек Айдар Әлібекұлың ерекше атап өткен жөн болады. Болысбек А. «Химиялық инженерия және  биотехнология» Жоғары мектебінің деканы қызметін атқарған кезде, орынбасары Байысбай Өмірбекпен бірге жоғары мектеп студенттері және оқытушылары арасында үнемі жарыс ұйымдастарған. Соның ішінде шағын футболдан қысқы демалыс кезінде жылда өтетін «Декан кубогы» жарысы студенттер арасында көпшілікке танымал болып кетті. Қазіргі кезде оқытушылар өз студенттерін монитор экрандарында көреді, себебі сабақтардың негізінде онлайн-режимде өтуде (соның ішінде, дене шынықтыру сабақтарыда).

Дүние жүзіндегі  індет сәтті аяқталуына сенім артып отырмыз. «Академик» футбол  клубының барлық мүшелері сүйікті ойынға тұрақты қатыса бастау үшін Covid-19 пандемиясы бойынша карантиннің аяқталуын шыдамсыздана күтіп отыр.

Болатжан СЕРІКБАЕВ,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университетінің «Механика және машина
жасау» кафедрасының доценті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий