Жаңа ғасырдың ғылымы мен технологиясы

Дәл осындай атаумен биылғы ақпан айының 25-26 күндері Шымкент қаласында халықаралық конференция ұйымдастырылады. Конференцияның мақсаты: оқушылардың ғылыми қарым-қатынас ортасын қалыптастыру және мүмкіндігі шектеулі балаларға қол ұшын созып, дарынды һәм талантты балаларды жарыққа шығарып, оларға жан-жақты қолдау көрсету болып табылады, – деп хабарлайды ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі. 

«Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры»  Қоғамдық қоры мен Қазақстан азаматтарын өз елінің патриоты және тәрбиелі әрі жауапты адам етіп тәрбиелеуге және білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры арасында 2019 жылдың 20 желтоқсанында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын.

«Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Оңтүстік Қазақстан университетімен және “Өркен” ғылыми зерттеу және шығармашылық идеялар қоры” Қоғамдық қорымен бірлесіп, меморандум аясында, оқушылар мен студенттерге және жас зерттеушілер мен жас ғалымдарға арналған «ХХІ ғасыр ғылымы мен технологиясы» атты V Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізіп жатыр. 

Конференцияның міндеттері: оқушылар мен студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту; әр түрлі ғылыми мектептердің жас зерттеушілері мен ғалымдарын біріктіру; ғылым мен тәжірибенің негізгі әлемдік мәселелерін талқылау және шешу; жүргізілетін ғылыми зерттеулерді талдау және бағалау; олардың нәтижелілігі мен қолданылуы; заманауи инновациялық технологиялардың даму тарихын қадағалау; ғылымның қазіргі жағдайы.. Конференция жұмысы ғылым мен білімнің ауқымды спектрін қамтитын 31 секция бойынша өтеді.

Конференцияға жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептердің 4-11 сынып оқушылары, арнаулы орта оқу орындарының (колледждер мен жоғары оқу орындарының 1-4 курс студенттері), ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындаған колледж студенттері қатыса алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий