НЗМ – Шымкент: Үздік жоғары оқу орындарына түсуге арналған мастер-класс

Үздік отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге арналған екі күндік онлайн мастер-класстарды Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Өзін-өзі басқаруы ұйымы өткізді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы немесе Tick×21 мүшелері мектеп президенті Теміршін Кантемировтың, премьер-министр Мирас Зарпуллаевтың және білім министрі Әділет Әкімшенің жетекшілігімен онлайн шеберлік класстарын ұйымдастырған болатын. Кездесу спикерлері ретінде мектеп түлектері Айжігіт Мүсәлі (Гонконгтағы CityU университетінің студенті), Ақбота Сабырхан (Будапешт технологиялық және экономикалық университетінің студенті) мен 12 сынып оқушысы, Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің грант иегері Ернар Бекбаш пен Алматыдағы №39 мамандандырылған лицейдің оқушысы Марғұлан Мүптеке шақырылды.

– Жүргізілген сауалнама нәтижесі жоғарғы сынып оқушыларының көбі қабылдау процесі туралы 12-сыныптың басында ғана білетіндігін көрсетті. Сол себепті қысқы демалыс уақытында, мен Теміршін, Әділет үшеуміз құжат тапсыруға процесіне байланысты барлық мәселелерді жіктеп, сараладық. Маңызды тұстарын анықтап, талқылап, өзара міндеттерді бөлістік. Кейінірек, кездесуден 2-3 апта бұрын Марғұлан Теміршінге жазып, биыл құжат тапсырғандықтан бұл тақырыпты терең зерттегенін және бізге көмектескісі келетіндігін айтты. Common App пен CSS profile-ді (оқуға түсуге арналған халықаралық өтінімдер) өзіңнің басынан өтпейінше, толық түсіну мүмкін емес. Сол себепті же біз Марғұланнан осы тақырып төңірегінде айтып беруін өтіндік, – деді дайындық барысы туралы 11 сынып оқушысы Мирас Зарпуллаев. 

Мастер-класс барысында Назарбаев Университеті, Шырмауық лигасына кіретін университеттер мен  басқа да үздік университеттеріне түсу процесі, терминдер мен оның рәсімдері туралы баяндалды: өтінімдерді толтыру, эссе жазу, ұсынымдар, ағылшын тілін білуге арналған тесттер, қаржылай көмек алу және тағы да басқа «Сұрақ-жауап» бөлімінде спикерлер вебинар көрермендерінің сұрақтарына барша ықыласпен жауап берді. Онлайн мастер-классқа екі жүзден астам көрермен қатысты. Оған тек НЗМ-нің басқа қалаларының (Петропавл, Ақтөбе, Нұр-сұлтан, Семей, Павлодар) оқушылары ғана қатысқан жоқ.

Оқуға түсуге дайындық – ұзақ процесс, сондықтан біз бұл мәселенің барлық жағын қарастырып үлгердік деп сенімді түрде айта алмаймыз. Бірақ оқушыларға барынша оқуға түсу туралы маңызды ақпарат бердік. Біз, спикерлермен бірге, бұл процесті жаздың басынан бастап терең зерттеп келеміз. Ол үшін мектептегі кәсіби бағдар жөніндегі кеңесшімен жиі тілдесеміз. Оқуға құжат тапсыру процесі мемлекетке, университетке байланысты әртүрлі болғандықтан, әлі де ізденіс үстіндеміз, – дейді мектеп президенті Теміршін Кантемиров.

Ол екікүндік мастер-класста қозғалған барлық маңызды тұстардың қысқаша анықтамалығы Шымкент қаласындағы ФМБ НЗМ Өзін-өзі басқару ұйымының инстаграм-парақшасында жарияланатын болатынын да жеткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий