Батысқазақстандық оқушы Қазақ-Британ техникалық университетінің грантын иеленді

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы биылғы қаңтар айының алғашқы аптасында мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатикадан XVII халықаралық Жәутіков олимпиадасын ұйымдастырған болатын, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Олимпиадада барысында біздің аймақтың намысын қорғаған облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Алмаз Шынбай мен 10 сынып оқушысы Жамбыл Мақсотов информатика пәні бойынша күміс медаль, ал 10 сынып оқушысы Тимур Өксікбаев  физика пәні бойынша қола медаль иеленді.

Осы халықаралық олимпиаданың жеңімпазы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Алмаз Шынбайға (жетекшісі – Нұрлан Оразгелдиев) Қазақ-Британ техникалық университетінің грантының сертификаты берілді, «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламалары бойынша оқыту шығындары толық өтелетін болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий