“Креатив – бой”: Зияткерлердің халықаралық желілік ойыны

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Креатив-бой» үшінші желілік зияткерлік ойынының ұйымдастырушысы болды. Ақыл шайқасына 16 команда қатысты, олардың құрамына бүкіл республика бойынша 11 Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрамалары кірді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастық аясында Мәскеу қ. (РФ) №1329 серіктес мектептің екі командасы шақырылды. Ойын дәстүрлі түрде келесідей өтеді: командалар шығармашылық шығармашылық шешімді қажет ететін тапсырманы алып, 10 минут ішінде кеңес алады, содан кейін қалған қатысушы командалармен өз ұсыныстарын бөліседі. 

Павлодар НЗМ-нің «Winx» командасы «Креатив-бой» ойынының жеңімпазы атанса, Қызылорда қ. Зияткерлік мектебінің «Smart Guys» командасына қола жүлде бұйырды. Көшбасшылар үштігіне Ресей Федерациясынан шақырылған “Синергия” командасы да кірді, ол ойын нәтижелері бойынша екінші орынға ие болды. №1329 мектептің әріптестері Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебіне «қызықты және пайдалы болған жарыстарды дайындағаны үшін» ашық алғыстарын білдірді.

Бұл Павлодар қ. ХББ НЗМ мен Мәскеу қ. №1329 мектебінің халықаралық ынтымақтастығы аясында өтіп жатқан алғашқы іс-шара емес. Өткен жылдың желтоқсан айында серіктес мектеп қазақстандық оқушыларға «Медиабум – 2020» байқауына бейнероликтер жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Мәскеулік оқушылар бейнероликтерді түсіру және монтаждаудың пайдалы құпияларымен бөлісті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий