Кулешов Кирилл – мектеп мақтанышы

Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында спортқа және салауатты өмір салтына ерекше назар аударылады. Мекемеде оқушылардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған көптеген іс-шара ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды осы білім беру ұйымы.

Соның ішінде баскетболдан құрама команда чемпиондары ерекшелеп айтуға әбден лайық. Команда капитаны – балалар ауылының тәрбиеленушісі және №26 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Кулешов Кириллді атап өткіміз келеді. Бала кезінен Кирилл спортпен шұғылданғанды ұнататын, секциялар мен баскетбол жаттығуларына қатысты. Ол әуелден ел чемпионы болуды мақсат етті. Осы уақыт аралығында оның жолбасшылары – қамқоршысы – Кәрімова Гүлбағда Ердешқызы, тәрбиеші-аналар – О.М.Пучкова, З.Ж.Бугамбетова және жаттықтырушысы Шугабаев М. Е.

Кирилл баскетболдан қалалық, облыстық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Көптеген грамоталар, дипломдар, медальдар мен кубоктар иегері. 2019 жылдың маусым айында Кулешов Кирилл біздің баскетбол құрама командасын жаттықтыратын М.Е.Шугабаевпен бірге Қазақстанның барлық баскетбол командалары арасында бірінші орын алып, чемпион атанды. Көп ұзамай Кириллге “Спорт шеберіне үміткер” атағы берілді. Кулешов Кирилл – мақсатты, еңбекқор және болашағы зор жігіт. Бүгінде ол Павлодар облысының құрама сапында жастар арасында Қазақстан чемпиондары атанған спортшылармен қатар жаттығады. Біз тәрбиеленушімізді мақтан тұтамыз және оған бұдан да жоғары спорттық жетістіктер мен тек жеңістер тілейміз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий