Ақмола облысы: Ауылдық мектепте инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі ресурстық кабинет ашылды

Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылындағы жалпы білім беретін мектептің базасында инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі ресурстық кабинетінің таныстырылымы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. Бұл кабинет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне тиімді үлес қосу үшін қажет.

Ресурстық кабинет АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен Ақмола облыстық білім асқармасы мен «Дара» жеке қорының «Кедергісіз мектеп» бірлескен жобасы аясында ашылды. Біздің аймақта ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9 мыңнан астам бала тұрады, оның 2,5 мыңнан астамы қазіргі таңда Ақмола облысының орта мектептерінде білім алуда.

Мектептегі инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеті – бұл төрт аймақтан тұратын заманауи кеңістік. Атап айтқанда: ата-аналарға кеңес беру аймағы, баланың демалу аймағы, мұғалімдер мен мамандардың ұжымдық жұмыс аймағы, сонымен қатар жеке сабақтар өткізуге арналған аймақ. Осылайша, мектепте кез-келген білім алушы баланың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Ресурстық кабинетте үйде оқытылатын балаларға ерекше назар аударылады. Әрине, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларға мектеп пен мұғалімдер тарапынан мынадай кешенді және жүйелі білім беруді талап етеді.

Әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау, қоршаған ортаға бейімделу, жеке білім беру маршруттарын құру, ал кейбір жағдайларда арнайы мұғалімдердің қолдауы. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасымен бірге мұғалімдерді оқыту, Қазақстанның басқа аймақтарындағы мектеп өкілдерімен тәжірибе алмасу, сондай-ақ жалпы орта және арнайы білім беру жүйелерінің мамандары арасында топтық жұмыс жасау жоспарлануда. 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2025 жылға дейін инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі ресурстық кабинеттер желісін кеңейту бойынша облыста инклюзивті білім беруді қолдау бойынша тағы 103 кабинет ашу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда өңіріміз бойынша инклюзивті білім беруді қолдау бойынша алты ресурстық кабинет және облыс орталығында қосымша тағы да бір инклюзивті білім беруді дамытудың ресурстық орталығы бар. Облыстық білім басқармасының, Дара қорының, АҚШ елшілігінің өкілдері, аймақтағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарының басшылары, инклюзивті білімге жауапты әдіскерлер, «Инклюзивті білім беруді қолдау ресурсттық кабинетінің» ашылуы жоспарланған жалпыға білім беру ұйымдарының директорлары, сондай-ақ АҚШ Елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен ашылған Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарынан (Петропавл, Шахтинск, Ақтау) инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі ресурстық кабинетінің өкілдері.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий